Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Идеология саласындағы іргелі іс

Идеология саласындағы іргелі іс

Елімізде білім, мәдениет, спорт салалары бойынша соңғы жылдары көз тоярлық іргелі істер атқарылуда. Ауданда идеология саласында да ілгері даму байқалады. Оны өткен сәрсенбіде БАҚ өкілдерімен брифинг өткізіп, жыл көлемінде атқарған жұмыстары жайлы есеп берген аудан әкімінің орынбасары Б.Жаниязовтың сөзінен байқадық.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына тың серпін бергендігі анық. Шиелі ауданы бойынша барлығы 27 мәдени ошақ, 7 халықтық ұжым, 2 мәдени-демалыс кешендері халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда аталған бағдарлама бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып, нақты жобалар жүзеге асқан. Олардың қатарында «Арман» мәдениет үйі мен Нартай өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Жырласа жастар жырласын» атты республикалық дәстүрлі әнші-жыршылардың фестивалі бар. Бағдарлама аясында өткен басқа да мәдени шаралар туралы Б.Жаниязов:
– «Ұлы даланың ұлылығы» атты жазба ақындар мүшайрасын айтпай кетуге болмас. 15-30 жас аралығындағы талапкерлерден құралған байқауға ауылдық жерлерден барлығы 20 ақын қатысты. Одан бөлек «Үздік жас маман – 2019» облыстық байқауында «Арман» мәдениет үйінен Дана Мусиева III орынға қол жеткізсе, Жөлек ауылынан Еркін Рахметов «Өнерлі жас» номинациясын жеңіп алды. Бұл аудан үшін зор мақтаныш, – деді.
Сонымен қатар ауданда отбасының ұйытқысы бола білген жас аналарды дәріптеу, қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау аясында да бірқатар шаралар ұйымдастырылған. Солардың бірі – «Үздік жас ана» байқауы. Балалар шығармашылығы да назардан тыс қалмаған. Оның дәлелі ретінде Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде XXI «Бозторғай» облыстық байқауының аудандық іріктеу кезеңін тайтуға болады. Б.Жаниязов одан әрі аудандағы білім саласы туралы мағлұмат берді.
– Шиелі ауданы бойынша биылғы жылы 592 түлек алтын ұямен қоштасты. Оның 448-і ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген болатын. Сынақ қорытындысы бойынша 40 жас түлек «алтын белгі» болса, 23 бітіруші «үздік аттестат» иегері атанды. Жалпы ауданда ҰБТ қорытындысы 72,3 пайызды құрап отыр.
Өңірде спорт саласының жетістігі жетерлік. Брифинг соңында Б.Жаниязов спорт саласындағы бірқатар жаңалықтармен бөлісті. Аудан бойынша салауатты өмір салтын ұстанушылар арасында биылғы жылы 62 аудандық, 6 облыстық, 3 республикалық іс-шаралар өткен. Алуан спорт түрлерінен өтетін сайыстың негізгі мақсаты – ұлттық және бұқаралық спортты дамыту, насихаттау, өскелең ұрпақты спортқа баулу.
–Аудан спортшылары бірінші жартыжылдықта облыстан 52 алтын, 44 күміс, 69 қоланы алса, республикалық додада 21 алтын, 14 күміс, 39 қоланы иеленді. Ал ұлттық құрама мүшелігіне 3 спортшы енгізілді. Бұл аудан абыройын асқақтатып тастады. Спортшыларымыз алдағы жарыстарда да жоғары нәтиже көрсететініне сенімім кәміл. Бұл спорт саласының қарқынды дамып келе жатқанының көрінісі, – деп аудан әкімінің орынбасары сөзін қорытындылады.

Ф.НЫШАНБЕКҚЫЗЫ
16 тамыз 2019 ж. 891 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930