Отбасы – бақыт мекені
Әр адам бақытты болуға құқылы. Мына керемет өмір, жарық дүние бізге бір-ақ рет беріледі. «Отбасы – шағын мемлекет» деп естіп өстік. Ұл-қыздарының санына қарай көпбала (төрттен жоғары), орташа (екі бала немесе бір баласы барлар), сосын Құдай сақтасын, тұқымы жоқтар деп бөліп жатамыз. Өз басым көпбалалы отбасынан шыққанмын. Анамыз марқұм он бес құрсақ көтеріпті. Содан тоғызымыз аман-есен қалдық. Анамыз екі мәрте егіз де босанды. Менің анам да, зайыбым да алтын алқалы «Батыр аналар». Ұрпақ сабақтастығы деген осы шығар, біз сегіз ұл-қыз тәрбиелеп өсірдік, соның бірі – егіздер.
Абайша айтқанда «Өмірдің бір қызығы-бала деген». Иә, отбасының қуанышы, базары – бала, сосын тату-тәтті өмір сүретін ерлізайыпты жұп. Баланы тәрбиелеу жағдайына қарай жайлы және жайсыз отбасылар кездеседі. Жайлысы белгілі, ал жайсыздар – берекесіз, жанжалда, дау-дамайлы, ұстамсыз, төзімсіз ажырасқан жанұялар. Атам қазақ осындайда күйінгеннен қыз күнінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады? деп, өз-өзінен сұраған екен. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген де рас. Біз көбіне бала тәрбиесін бала-бақшадан, мектептен, тәрбиешілер мен ұлағатты ұстаздардан, жас өспірімдер жөніндегі испекция қызметкерлерінен, тәртіпке шақырып, оның нүктесін қоятын сот судьяларынан көріп жатамыз. Меніңше, бала тәрбиесі отбасынан басталады. Аталарымыз «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», «Шешесін көріп, қызын ал» деп неге айтқан? Үйде, отбасында ата-анасы тәрбиелеген ұл-қызға не жетсін. Ибалы, ізетті, инабатты, әдепті, әдемі, ару қыздарымыз, қайтпас қайсар, өжет, ұлтжанды, Отаншыл, бөрікті де көрікті ұлдарымыз отбасы тәрбиесінің жемісі болып жатса, одан артық қандай бақыт керек? Олар отбасында ұлағатты сөз мәйегін тыңдап, өз ұлтының салт-дәстүрін, әдеп-ғұрыпын, өз әулетінің намысын биік ұстайтын біздің болашақ жастарымыз.

Біздің әке-шешеміз жасымыздан Қобыланды, Алпамыс, Ертөсік, Ертарғын т.б эпос жырларын оқытып, өздері алаңсыз тыңдап отыратын. Сондағы Қобыланды – Құртқа, Алпамыс – Гүлбаршындардың махаббатына риза болып қалушы еді. Қазір заман да, адам да өзгерді. Керек болса, сыбайлас жемқорлық, пара алу мен пара беру – қоғамның індетіне айналды. Бала жас кезінен бастап ақшаға қызықпауы тиіс. Оған бір мысал, менім әкем Әзімхан өзінің жазу үстелінің үстіне жиып қойған газеттерінің қасына бес, он, он бес, жиырма тиындарды қатарластырып қойып қоятын. Анаған қызығып, кейде алғың келіп кететін. Бірақ үйдегі балалар әкемізден сескеніп, бір уыс тиынға жоламайтынбыз. Бір күні ауылда кемпір-шалдың қолында тұратын інім қыдырып келіп, анау самсап тұрған тиынға көзі түсіп, он бес тиынды жымқырыпты. Дастархан үстінде әкеміз «Айтыңдар, тиынды кім алды?» – деді. Інім мойындағандай жылап жіберді. Сөйтсек әкеміздің ұл-қыздарын адалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу үшін әдейі жинап, көрсетіп қойған тиындары екен. Міне, бұл баланы кішкентайынан ұрлық жасамауға, жемқор болмауға тәрбиелейтін көрініс емес пе? Әлгі балаға да жекімей, сондағы әкеміздің айтқан сөзі әлі есімде. «Қайбір затты рұқсатсыз алмаңдар. Тиынға, ақшаға қызықпаңдар. Қажет болса, сұрап алыңдар. Ұрлық деген жаман әдет» – деді. Кішкентай оқиға барлығымызға өмірлік сабақ болды. Біз де осылай балаларымызды адалдыққа, тазалыққа тәбиелей білсек, елімізді шулатқан ұрлық та, сыбайлас жемқорлық та болмас еді.
Адам ғұмыры 1 жасқа дейін сәбилік, 1-13 жас аралығын балалық шақ, 13-25 жастық шақ, 25-61 арасы есею жылдары, 61-73 қартаю, 85 жастан жоғары қарттық, ақсақалдық кезеңі болып саналатыны белгелі. Осының ішінде ең қызығы үйленіп, шаңырақ көтеріп, отбасылы болатын жастық шақ болса керек. Бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп отырмыз, бүгінде елімізде үйленген әр үш отбасының бірі ажырасып кететін көрінеді. Бұл нені білдіреді? Қазір Қазақстан халқы 19 милионан асты деп қуанамыз. Қуануға әлі ерте. Өзіміздің Өзбек ағайындар 35 милионға жетіпті. Кешегі зұлмат замандарда қырылып қалған халқымыздың орнын толтыру – ұрпақтандырудың демографиялық борышы мен міндеті. Үйлене салып екі жас ажырасуға барса, не болғаны? Еліміздің адам саны өспей, адамдары жасармай, тәуелсіз мемлекетіміздің нық болуына қаупі көп. Бабаларымыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап қалған кең байтақ даламыз, гүлденген қаламыз, жеріміз, жер асты байлығымызды кім қорғайды? Ата Заңымыз конституцияда «Қазақстан республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті парызы және айбыны» делінген. Дүниеге сәби келмесе, олар ержетіп Отанын, елін, жерін сыртқы жаулардан қорғамаса, оны кім істейді? Әрине, болашақ жастар. Елжанды, ұлтжанды қазақ жастары.
«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген бар. Расында отбасы тату болмаса, шаңырақ шайқалады. Оған екі жағдай әсер етуі мүмкін. Сыртқы жағдайы – тұрғын үйі, яғни, баспанасы болмауы, ерлі-зайыптылардың жұмыс істемеуі, яки, отбасына табыс көзінің кірмеуі. Ал ішкі жағдайы – екі жастың сүйіспеншілігі, бірін-бірі жақсы көруі, ұнатуы, олардың арасында махаббат сезімінің болуы, бір-біріне қамқорлығы, жанашырлығы, сыйластығы, жұбайлардың жеке бастарының мінез-құлықтарының сәйкес келмеуі. Өздерін кез келген ортада алып жүрулеріне, басқа да адами қасиеттеріне байланысты. Қазіргі көп ажырасудың басты себептеріне жас жұбайлардың тез танысып, бірден үйлене салуынан қызғаншақтық, өмірге көзқарастары мен мінездерінің үйлеспеуі, күйеуінің немесе әйелінің ішімдік ішіп, темекі шегіп, алькоголизмге салынып кетуі, жұбайлардың опасыздығы, ерлердің озбырлығы, балалы болғысы келмеушілік, енелеріне төзбеушілік болып жалғасып кете береді. Қысқасы үй-жай болғысы келмейтіндер сынықты сылтау етіп, ажырасуға бейім тұрады. Осы кез еліміздің де, халқымыздың да тұрмысы жақсарып, әлеуеті артқан шақ. Отбасының қалыптасуы мен дамуы қоғамның алға басуымен сәйкестеніп жатса, экономикалық, саяси-әлуметтік, рухани тұрақтылық жанұяны да тұрақтандырары сөзсіз. Ол үшін жастардың, жас жұбайларымыздың санасы бұрынғыдан жаңаша, рухани жанғыруы тиіс. Сонда ғана еліміздің отбасы мүшелері бақыт құшағына еніп, айдын көлде қос аққудай қалқып, халқымыздың саны артып, өркениетті 30 елдің қатарына ілінетін болады.
Қазақ – қасиетті халық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырдағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауында «Шын мәнінде, біз үшін Қазақстан тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес» деген болатын. Елімізді қорғайтын ұрпағымыз, болашақ жастарымыз. Ол үшін мемлекетіміздің демографиясы өсіп, дамып, кең байтақ даламызда адам саны артуы керек-ақ. Сондықтан біз ерлі-зайыпты жастарымызға, қылықты келіндеріміз бен жолбарыстай қайратты ұлдарымызға сенім артуға мәжбүрміз. Алладан ұл-қыздарымыздың шаңырақтары шайқалмасын, іргесі сөгілмесін деп тілейік.
Өркен Исмаил,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы