Қарыз емес парыз
Шаңырақ шайқалмай тұрса шаттық сол. Алайда, жыл басынан бері небәрі 3 ай ішінде 54 отбасы алимент төлеу мәселесі бойынша аудандық сотқа жүгініпті. Ал өткен жылы 221 отбасын асыраушыға алимент төлеу туралы сот үкімі шыққан. Бірақ бала алдындағы парызын өтеуден жалтарып, қарыз болып жүргендер қаншама? Әрине, ақша әке берген тәрбиені, ана берген мейірімді алмастыра алмайды. Ол тек тұтыну қажеттіліктерді өтеуге керек. Бірақ ерлі-зайыптылардың тату-тәтті өмір сүре алмағаны, бала үшін ең ауыр психологиялық соққы екенін ұмытпау керек.
– Елімізде ажырасудың, алимент алушылардың, ата-ана құқығынан айырудың көбеюі – отбасы институтының ауыр дағдарысқа ұшырауының белгісі. Отбасы – ертеңгі халыққа, елге қызмет ететін кадрларды әзірлейтін негізгі институт. Ата-анасы тірі бола тұра балалардың жетім өскендері, бала кезінде ата-анасының мейірімі мен махаббатын көрмеуі олардың да ертең қатыгез болып өсуіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Соның салдарынан балалар өз-өзіне қол жұмсауға бейім болып, сенімділіктен айырылады. Өз ортасында өзін төмен сезіне бастайды. Бізді қынжылтатыны осы, – дейді облыстық өңірлік тренер, аудандық психологтар бірлестігінің жетекшісі Ләззат Төлешова.

Ендеше, алимент дегеніміз – отбасы институтындағы дағдарыстың индикаторы. Алиментке қатысты істердің жылдан-жылға азаймай тұрғаны, бұл проблеманың өзектілігін аңғартады. Ал оның түпкі себебін отбасындағы құндылықтардан, жастар тәрбиесінен, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасынан іздеу керек.
– Ажырасудың ең бірінші себебі – ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасының дұрыс болмауы. Нақтырақ айтқанда, дұрыс реттей алмауы. Мәселен, отбасындағы жанжалдың 70% алкогольдік ішімдік ішу кезінде орын алады. Оның аяғы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа алып барады. Әйелдер көп зардап шегеді. Біз тұрмыстық зорлық-зомбылықты – психологиялық, жыныстық, экономикалық және физикалық деп төрт түрге бөлеміз. Осылардың ішінде алимент экономикалық түріне жатады. Оның басты себебі борышкерлерде адамгершілік қасиеттің, отбасылық құндылық, әкелік-аналық жауапкершіліктің жоқтығы, – дейді аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерді тіркеу бөлімінің тұрыстық зорлық-зомбылықпен айналысатын маманы Ақжарқын Жұмаханқызы.
Таяқтың екі ұшы болады
Әрине, aжырaсaмын дейтіндерге сылтaу дa, себеп те жетеді. Aлaйдa, бәрінен бұрын жaуaпкершілікті тең сезініп, бaлaның жaғдaйын, оның тірі жетім қaлып, жәутеңдеп өспеуін ойлaғaн aбзaл. Өз бaлaсының қaмын, оның жaн дүниесі мен болaшaғын ойлaу қaжет. «Отбасында бақытты адам — өмірде де бақытты адам» деген сөз бар. Сондықтан бақытты болу өзімізге байланысты екенін ұмытпайық. Әйел адам әрекет ету қабілетіне өте мықты жаратылыс иесі. Ендеше, әйелдің қолында үлкен күш бар. Сол күшті ұлтты ұйыстыруға, шаңырақты сақтап қалуға бағыттау қажет. Дана бабаларымыз: «Өлi – тiрiнiң азығы, жақсы – жаманның азығы, ескi – жаңаның қазығы» демеушi ме едi? Олай болса ескінің көзін көріп, дана келін, абыз ана атанған ақжаулықтылардың үлгі өнегесін жаңғырта түсуге күш жұмсамасақ болмас.

– «Отан отбасынан басталады» десек, әр шаңырақтың беріктігі мемлекет үшін ауадай қажет. Еркек пен әйелдің құқы жүз жерден тең десек те, отбасындағы әкенің рөлін арттырмасақ, ажырасушылардың саны азаймайды. Тағы да қайталап айтайын, ол үшін Парламент депутаттары және Үкімет мүшелері бірлесіп «Неке және отбасы» заңын реформалау қажет. Онда қажет болса, ажырасуға тиым салынуы керек. Себеп, неке бұзушыларды ешкімде қинап қосқан жоқ. Әрі балаларға психологиялық соққы беруді тежеу тетіктері қаралуы тиіс.
Бар жауапкершілікті еркектің мойнына артып қойып, алимент алып, шұбырып жүрген әйелдердің де тәртіптері май шаммен қаралуы тиіс, – дейді Алғабас ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы А.Әбдіхамитқызы.
Азаматтық некенің зардабы
Қазақ мәдениетiнде қашаннан еркек – басшы, әйел – қосшы, еркек – бас, әйел – мойын деп те тұспалдайды. Олай болатын себебi – еркекті құдiреттi Көк Тәңiрiнiң баласы, әйелді – жер рухы Ұмай Ананың баласына теңеген. Атаның күші, ананың сүті деп те тегін айтпайды. Әйел күшті ер адамнан алады. Қорғаным, қамқорым деп сенім артады. Себебі, отбасын асырайтын еркек, ұрпақ көбейтуші – әйел. Бірақ бүгінде бұл түсінікті көненің көзіне балап, азаматтық некені құп көретіндер көп. Өкінішке қарай, азаматтық некенің зардабын, қос жұп екіге айырылғанда ғана сезінеді екен.

«Соңғы кезде біздің елде азаматтық некеге тұру жиілеп кетті. Біздіңше, ең үлкен жамандықтың бірі – осы. Әрине, бастапқыда азаматтық неке тамаша болып көрінер. Алайда азаматтық неке дегеніміз – бірге тұру. Бірдеңе ұнамаса, кете салу оңай. Өйткені ешкімде ешқандай жауапкершілік жүгі жоқ. Ал нәресте жарық дүниеге келісімен бәрі өзгереді. Сәбиге деген жауапкершілік ананың мойнына артылады. Ол дегеніміз – өзін жіпсіз байлау. Нәзік жандылар осыны түсінуі тиіс. Бұл мәселеге әу басынан мән беру керек. Ал заңды некеге тұрса, ерлі-зайыптылар бір-біріне деген жауапкершілікті сезінеді. Сонымен қатар ертеңгі күні ажырасып жатса, заңдық тұрғыда қорғана алады. Өзіне, баласына тиесілі дүниені талап ете алады. Азаматтық некеде ол жүрмейді. Біріншіден, ер азаматтар әке екенін өз еркімен мойындай қоймайды. Екіншіден, баланың туу туралы куәлігінде әкенің есімі көрсетілмейді. Салдарынан көп келіншек бала үшін алимент алу мүмкіндігінен айырылады. Әрине, әкелікті дәлелдеуге болады. Соттың көмегіне жүгінер болсақ, онымен бірге тұрғаны жайында дәлел тауып, оны айғақтайтын куәгер болуы тиіс. Сондықтан бірге түскен суреттерді жыртып, өшіріп тастаудың қажеті жоқ. Оларды сақтап қойыңыз, айғақтың бірі – сол. Әкелікті анықтайтын ДНҚ сараптамасын жасатуды белгілейді. Оның өзі – 100 мың теңгеден асады» деп кеңес береді заңгерлер. Сондықтан ойланбай қадам басып, азаматтық некеге тұрғандар жиі опық жеп жатады. Оның үстіне азаматтық неке қазақы пайым-парасатымызға да оғаш дүние.
Алимент төлемесе ату жазасына кесіледі
Көптеген елдерде алимент төлемеген борышкерлерге қатаң жаза түрлері қолданылады екен. Мысалы Қытайда алимент төлемейтін ер адамдарды ату жазасына кессе, АҚШ оларды 2 жылға дейін бас бостандығынан айырады. Сондай-ақ, Франция, Италия, Әзірбайжан сынды елдерде де заңға бағынбаған әкелерді түрмеге тоғыту қарастырылған. Канада мемлекетінде борышкерлердің суреті сайттарда жарияланады. Біздің елде де алимент төлеуден жалтарғандар жауапқа тартылады. Яғни, мүлкі тәркіленеді немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Түйін:Әрине, әке-шешең ажыраспай, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүргенге не жетсін?! Болмаса, бұл күндері ата-анасының екінші отбасында, ата-әжесінің тәрбиесінде, балалар үйінде немесе туыстарының қамқорлығында өсіп жатқан бала аз ба? Балаларын өзі бағып отырған жалғызбасты ана да, әке де көп. Бұл заманның бір зауалы осы болып тұр. Бұл ретте ата-аналық жауапкершіліктен ешкім құтылмақ емес. Сот үкімімен алимент төлеуге міндетті. Өкінішке қарай, соның өзін де төлеуді міндетсініп қашып жүргендер баршылық. «Торғай жауын жауса – балапанын қорғайды, бұршақ жауса – өз басын қорғайды» демекші, қажет кезде баласына қамқорлық көрсете алмай, қара басының қамын күйттеп кететін шарасыздық қазақ азаматтарының да басына туғандай. Десе де, көпке топырақ шашудан аулақпыз. Тек әкелер жауапкершіліктен қашпаса екен деген ой ғана.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ