Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерлесіміз жүлдемен келді

Жерлесіміз жүлдемен келді

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз еш уақытта жалған болмас». Абай атамыздың бұл өлеңі әлі де өз өміршеңдігін көрсетуде. Асыл дініміз Исламның қайталанбас құндылығы, екі дүние бақытына жеткізетін Алланың кәләмі Құран екені баршаға аян. Қаншама ғасыр өтсе де бірде-бір әріпі өзгермеген Құран адамзаттың игілігі үшін қызмет етіп келеді. Осы тұста Жаңақорған кентіндегі «Құм сахаба» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен Құран Кәрімнің І парасын жатқа оқу және азаншылар арасындағы облыстық жарыс ұйымдастырылды. Аталған жарыста Құранның 1 парасын оқудан шиелілік жас қари Досхан Мәулен де қатысқан болатын.
Құран жарысына облыс көлеміндегі 6 мен 25 жас аралығындағы 70-ке тарта үміткер қатысты. Әділ қазылар құрамына облыстық «Ақмешіт Сырдария» мешітінің наиб имамы қари Шыңғыс Садуов, Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің наиб имамдары Мұқан Әбжәлелов және Мұрат Дайрабайұлы төрелік етті.
Кіл жүйріктер ішінен топ жарып Досқан Мәулен екінші орынға ие болды. Ол Алмалы ауылында 2006 жылы дүние дидарына келген. Алланың кәләмі болған Құран кәрімді жаттап шығу екінің біріне бұйыра бермейтін бақыт. Досхан алты жасында арабша әріп таныған, 13 жасынан бастап бес уақыт намазға жығылып, Құран жаттаған. Баласының бойындағы дінге деген жақындықты байқаған әкесі діни сауаттылығы жоғары қари Сейілхан Дүйсенбековтың тәрбиесіне берген. ­Жастайы­нан дін ұстазының алдын көрген шәкірт 14 жасында аудандық, облыстық Құран оқу жарысының жеңімпазы атанады. Талантты жастың дауысының қоңыр үнді майда тілдерінің сүйкімділігі кез келген жамағатты елітеді. Ол бүгінде Құранның екі парасын толықтай жатқа біледі.
Құранды көп оқу қажет. Қарилар Құранды көп оқып, жатқа білу, мақамына салу арқылы қари атанады. Құран жаттау – аянбай еңбектенуді талап ететін міндет. Медреседе әр күні 10-12 сағатымыз Құран оқуға арналады. Ол үшін шынайы ниет, ыстық ықылас, үздіксіз еңбек қажет. Менің білгенім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз, – дейді Досхан.
Құран адмзатқа берілген ұлы нығмет. Алла тағаланың адам баласына танытқан өлшеусіз мейрімі. Құранды басшылыққа алған пенде ешуақытта тура жолдан тайып адаспайды. Еліміздің тыныштығын, халықтың амандығын тілеп дұға ететін Досхан сынды қарилардың қатары көбейе берсін.

Ш.ШАҒДАТҰЛЫ
31 наурыз 2022 ж. 359 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930