Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ҚҰРАН ЖАТТАП ЖАРЫСТЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ҚҰРАН ЖАТТАП ЖАРЫСТЫ

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен аймақ мешіттерінде білім алушы әйел шәкірттердің қатысуымен облыстық жарыс өтті.
Қасиетті айлардың құрметіне орай, Құран Кәрімнің Нәба мен Назиғат сүрелерін жатқа және мәнерлеп оқудан өткен сайысқа өңір мешіттерінен келген 35 үміткер қатысты.
Алдымен Құранның Нәба мен Назиғат сүрелерін жатқа оқудан А.Тұрғанбек (бас жүлде), А.Әбдірахман (І-орын), М.Шамшиева мен Р.Борашова (ІІ-орын), Қ.Қазыбек пен А.Садуақасова (ІІІ-орын) сынды сайыскерлер оза шықса, мәнерлеп оқу номинациясы бойынша Ж.Нұрман (І-орын), Т.Жұбаназарова (ІІ-орын), Ж.Елубай мен Р.Омаровалар (ІІІ-орын) жүлделі орындарды қанжығаларына байлады. Жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталып, 40000 тг, кілем, тігін машинасы, көйлек, жаттығу белдігі, мұсылман тауарлар жиынтығы секілді сыйлықтармен табысталды.
17 наурыз 2021 ж. 893 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031