Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ислам – татулық пен бірлікті бұйырады

Ислам – татулық пен бірлікті бұйырады

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», – дейді Майқы би. Сол себепті де ата-бабамыз өскелең ұрпаққа үнемі татулықпен ынтымақты насихаттап отырған. Соңғы отыз жылдың ішінде алпауыт­ елу елдің қатарына еніп, дамыған отыз елдің бағытына қарай қамшы салып, жүгенді бұрғанымыз осы бірлік пен татулықтың арқасында деп айтуымызға болады.
Ислам – «амандық, саулық, мойын сұну, бағыну, берілу» деген мағынаны білдіреді. Яғни ислам бірлік пен бейбітшілік діні деген сөз. Ислам әрбір дін өкіліне ізгілікпен қарайды, сыйлайды, сыйлайды. Сондай-ақ кез келген жанды туған жеріне, дініне, ұлтына, нәсіліне және жынысына немесе түр әлпетіне қарап бөліп, ара-жігін ажыратпайды. Адамға адами тұрғыдан баға беріп, Алла алдында ешкім ешкімнен жоғары емес, тек тақуалық пен діндарлықта ғана дәрежелері биік болады деген сеніммен өмір сүреді. Себебі Құран кәрімнің көптеген жерінде бірлік туралы баяндалады. Мысалы, Алла Тағала Хужурат сүресінің 13-ші аятында: «Уа, адамзат! Сендерді Біз әуелде бір еркек, бір әйелден, бір ата, бір анадан өрбіттік. Өзара қарым-қатынас жасауларың үшін көптеген ұлт, ұлыс етіп көбейттік. Сендердің бір-біріңнен артықтығың несібелеріңмен емес, діндар-тақуалықтарыңмен есептеледі» дейді.
«...Көпшілікпен бірге болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар», – деген сынды ақырет пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с) хадистерінде де осы тұрғыда, яғни, ауызбіршілік туралы жиі айтылады. Сол себепті де достық пен бауырмалдық, сыйластық пен құрмет сынды құндылықтар барша қазақстандық азамат үшін аса маңызды игілікке айналды. Сондықтан да жыл басы саналатын наурыз ­айында көрісіп, өкпе ренішті артта қалдырып, бауырмашылықтарын арттырып отырған. Бірлік бар жерде ғана құт қонып, береке даритынын жақсы білген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «бейбітшілік пен қоғамдық келісім – баға жетпес байлығымыз. Біздің бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ, рухымыз асқақ. Соның арқасында кез келген қиындықты жеңіп, дамудың даңғыл жолында келеміз», – деген болатын. Бірақ әлемде орын алып жатқан оқиғалар, әлеуметтік желіде кезіп жүрген жалған ақпараттар, қабақ түйіп, қастық ойлағандардың арандатулары бейбітшіліктің байрағын биікке көтеріп, ұйысып отырған елдің ауызбіршілігін сынауда. Біз осы тұста арандатушылардың жазбасына алданбай, бірлігімізді көрсетуіміз қажет-ақ.
Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) мына бір хадисінде: «Сендерге бірге болуларыңды өсиет етемін. Бөлініп шығудан өте қатты сақ болыңдар. Себебі, шайтан жеке басына өмір сүрген кісіге жақын болады. Бірге болған екі адамнан алыс тұрады. Кімде кім жәннәттің дәл ортасында өмір сүргісі келсе, бірге болуға мән берсін» дейді. Еліміздің егемендігі мәңгі болып, ізімізді басып келе жатқан ұрпақ қиыншылықта өмір сүрмесін десек ауызбіршілігімізді арттырып, ынтымақта болуымыз қажет.

Ораз қажы Мысырханов,
Ы.Жақаев ауылының имамы
15 наурыз 2022 ж. 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930