Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ
Бүгін таңертең Шиелі ауданы мен ауылдық округтерде орналасқан барлық мешіттерде айт намазы оқылды. 
Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы орталық «Оқшы ата» мешіттегі жиналған жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Ардақты жамағат! Баршаңызды Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Міне, айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айы да аяқталды. Алла Тағала Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз бен құлшылық - ғибадаттарыңызды қабыл еткей. 
«Бүгінгі ұрпақ әлемдегі ең ізгі дін - ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал», - деп Елбасымыз атап өткендей, ислам - барша адам баласын бейбітшілікке, амандыққа шақыратын дін. Ислам діні - бұл біздің ата - бабаларымыздың сандаған ғасырлардан бері ұстанып келе жатқан салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптарымен бірге бітісе қайнасып кеткен деуге болады. Бұл мемлекеттік саясаттың түрлі діндердің арасындағы қарым - қатынасты ұтымды реттеп отыруының жемісі. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстар, діндер арқылы келісімнің баға жетпес құндылықтарын басшылыққа ала отырып, дініміздің асыл құндылықтарын өркениетті жолдармен насихаттауға қызмет етуде. 
Құрметті жерлестер! Баршаңызды Ораза айт мейрамымен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға береке - бірлік, барлық ізгі жақсылықтар тілеймін, - деді аудан басшысы Әшім Оразбекұлы.


15 маусым 2018 ж. 914 0