Домалақ ананы сомдады

Өткен аптада Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай №148 орта мектепте жазушы Шерхан Мұртазаның «Домалақ ана» пьессасы сахналанды. Аталған сахналық қойылым мектеп ұжымы, ардагер ұстаз аналарды және мекептегі мұғалімдердің аналарынының құрметіне өткізілді. Мектеп психологы Айнаш Бектұрғанованың ұйымдастыруымен өткен бұл қойылымда мұғалімдер «Домалақ ана» пьессасын өздері сахналап, залға жиналғандардың ерекше ықыласына бөленді. Жас маман Мөлдір Әлімханова Домалақ ананың жас кезінен қарт кезіне дейінгі бейнесін көрсете білді. Сондай-ақ С.Қожамжаров, М.Рахатов, Т.Қамалов сынды ұстаздарға ардақты аналар өз алғысын білдірді. Абзал анаға арналған пьесса мерекелік кешке ұласты. Көңілді кеште құлақ құрышын қандырар әндер айтылып, би биленді. Мерекелік бағдарлама аяқталған соң, мектеп директоры Орынкүл Шорабаева барша әйел аналарды келіп жеткен көктемнің шуақты мерекесімен құттықтай отырып, сахнаның сәнін келтіріп, өнер көрсеткен барша ұстаздарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, мектеп ішінен шахмат үйірмесін ашып, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік сыйлаған Айнаш Бектұрғанова мен үйірме қызметкері Қасымхан Айменовтың ісіне сәттілік тіледі.
Аманкүл Ерепбаева,
ардагер ұстаз
ардагер ұстаз