Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күннен қорғайтын көзілдірікті қалай таңдау керек?

Күннен қорғайтын көзілдірікті қалай таңдау керек?


Күн таңертең еп-ерте шығып, кешкі 9-дарға дейін жарқырап тұратын кез басталды. Мұндай жарқын күншуақты күндерде күннен қорғайтын көзілдіріксіз көшеге шығу – жақсы шешім емес. Алайда көзілдірік таңдау оңай бола бермейді. Мына суреттер арқылы сіз өз бет пішініңіз бойынша сәйкес келетін көзілдірікті оңай анықтай аласыз.
1. Домалақ бет
 Домалақ бет пішініне "авиаторлар" не шаршы, бұрышты жиектемелер (оправа) жарасады.
2. Сопақ бет
Мұндай пішінге кез келген көзілдірік сәйкес келе береді. Бастысы, көзілдірік ені беттің ең енді бөлігімен сәйкес болуы тиіс.
3. Шаршы бет
Шаршы бет пішіні бар адамдар дөңгеленген, сәл иілген жиектеме таңдаған дұрыс. Бет пішіні қазірдің өзінде агрессивті көрінеді, сондықтан тікбұрышты дәу көзілдіріктер оны одан сайын қорқынышты қылады.
 4. Тікбұрыш бет
 Бұл бет пішініне жоғарғы бөлігі қарайтылған линзалар мен тік геометриялық пішінді көзілдіріктер үйлесе бермейді. Керісінше, бетінің пішіні сәл жұмсартып, теңдестіру керек.
 5. Жүрек пішінді бет
Мұндайда бет пропорцияларын теңдестіретін шаршылау жиектемелер таңдалған жөн. Жүрек пішінді бетке тамшы-көзілдіріктер мен жоғарғы жағы дәу көзілдіріктер жарасады.
6. Ромб пішінді бет
Ромб пішінде бетке жиектемесі дөңгеленген, жалпақтау келген көзілдіріктер үйлеседі. Мұндайда жоғарғы жағы қарайтылған линзалар ең ұтымды таңдау болмақ.
 7. Үшбұрыш бет
Көзілдіріктердің жоғарғы бөлігі дәу және тамшы-линзалардың болуы – бетінің түрі осындай адамдарға керектісі. Осылайша теңгерімге қол жеткізуге болады. Сондай-ақ, шаршы, тікбұрышты жиектемелер мен жоғарыдан қарайтылған линзалар бола береді.
Massaget.kz
18 маусым 2018 ж. 2 481 0