Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар көзілдірік тағатын адамдардың көзі жақсы көретіндерге қарағанда ақылдырақ екенін дәлелдеді

Ғалымдар көзілдірік тағатын адамдардың көзі жақсы көретіндерге қарағанда ақылдырақ екенін дәлелдеді

Көздің нашар көруі мен көзілдірік тағуға деген қажеттілік адамның ақылының көптігімен байланысты. Мұны дәлелдеу үшін Эдинбург университетінің ғалымдары 300 мыңнан аса адамның генетикалық мәліметін зерттеген.

Зерттеу барысында мамандар адамның когнитивті қабілеттерімен байланысты 148 геннің орналасуын анықтаған. Мұнан кейін олар адамның қолды қысу күші мен күйзеліске түсуіне дейінгі барлық фактордың ақылға қаншалықты әсер ететінін бағалапты.
Осылайша, ең ақылды адамдардың генінде көз көруінің нашарлауы мен көзілдірік тағуға деген қажеттілік бары анықталды.
«Бұл зерттеу ақыл қабілетінің ген арқылы берілуімен байланысты көптеген генетикалық ерекшелікті анықтады», – дейді ғалымдар тобының жетекшісі доктор Гейл Дэвис.
Зерттеушілердің тұжырымына сәйкес, сонымен қатар адамның ақылының көптігі қан қысымының төмендігімен, жүрек-қан тамырлары ауруларына, өкпенің қатерлі ісігіне, баспа, остеоартритке шалдығу қатерінің және күйзеліске түсудің төмендігімен байланысты.
Stan.kz
03 маусым 2018 ж. 1 249 0