Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн көзінен туатын аллергия

Күн көзінен туатын аллергия


Көпшілік тағатсыздана күткен көктем мезгілінде адамдар табиғат аясына шығып серуендегенді ұнатады. Демалыс пен таза ауада серуендеу адамның иммунитетін көтеріп, күйзелістен шығуға оң әсерін тигізеді. Алайда көктем-жаз мезгілі аллергияның да басталатын, көбейетін мезгілдері. Ал күннен болатын аллергия жайында естіп көргенсіз бе? Күн көзінен болатын аллергия кәдімгі бөртпе секілді аяқ-қол, дененің барлық жеріне шығып, беті сулы, іріңді болып ісіп, қызарып қатты қышиды. Көбінесе бұл аллергия түріне иммунитеті төмен, әлсіз балалар жиі ұшырайды. Сонымен қатар ересек адамдарда да иммунитеті төмен, ағзасында дәрумендер қоры өте аз, бауырдың қызметі нашар, зат алмасу процесі өте төмен адамдар күннен туатын және басқа да аллергия түрлеріне бейім болады, бұл дерттің тұқымқуалаушылық түрі де бар. Күннен болатын аллергияны тез арада анықтап, міндетті түрде ем қабылдау қажет. Әйтпесе дерттің асқынып кету қаупі күштірек. Күн аллергиясын түрлі косметикалық заттар, майлар, зәр айдайтын дәрілер, химиялық қоспалар қосылған заттар қоздырады. Бұл дертті медицинада «күн есекжемі» немесе «күн ұшығы (герпес)» деп атайды. Күннен болатын мұндай аллергия көбінесе күн қатты шығып, ысыған уақытта күн астында көп жүргенде шығады. Егерде аллергияның осы түрі бірінші рет болып жатса, мынадай кеңестерді назарыңызға ұсынамыз. Ол арқылы дерттен оңай әрі тез айығуға болады. 1. Күнге шығардан 20 минут бұрын күннен бөлінетін ультракүлгін сәулелерден қорғайтын арнайы май мен крем, денені демалдыратын майлар денеге жағылады. 2. Гель, крем, қас, кірпік бояғыштарды, иіссуды жаз мезгілінде пайдаланбауға тырысу керек. Себебі олар қара дақтардың пайда болуына жол ашады. 3. Күн сайын кемінде 2 литрдей газсыз су пайдаланған жөн. Ол ағзаға сіңген көптеген зиянды заттарды шығаруға көмектеседі. 4. Аллергия шыққан жерлерге салқын суға малынған дәкені орап тастаған жөн. 5. Міндетті түрде әрдайым В және С, Е дәрумендерді қабылдап тұру керек. 6. Аллергия шыққан жерлерді алоэ шырынымен сүртсе де септігі мол. 7. Түймедақтан жасалған тұнбаға шомылған да пайдалы. 8. Балғын қызанақ шырынымен аллергия шыққан жерлерді ысқылап сүрту қажет. 9. Бадам майымен денені күніне 2-3 мезгіл сүртіп күннен шығатын аллергиядан арылуға болады. 10. Үнемі қырыққабат, ақжелкен қосып дайындалған тағамдарды назардан тыс қалдырмаған жөн. 11. Арнайы кремдер мен майларды жағып суға, көлге түсіп шомылған соң денені сүлгімен сүртпеген жөн. Себебі күннен қорғайтын заттар кетіп қалады да, артынан қайта жағуға тура келеді.
Massaget.kz
03 наурыз 2018 ж. 2 105 0