Шуағын шашқан шара

1 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Думан-Шиелі» демалыс орталығында «Шуағын шашқан әжелер» атты мерекелік концерт өтті. Аталған мерекелік шараны «Думан Шиелі» орталығының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Бақытжан Исламханұлы ашып берді. Шараны «еңбек терапиясы» бөлімінің маманы Назира Үсенқызы жүргізді. Әжелер сайысы бірнеше кезеңге бөлініп, тартыс қыза түсті. Алғашқы бөлім «Сәлем сөздің анасы» деп аталатын таныстыру кезеңінен тұрды. Одан соң қазақы салт-дәстүрлерге байланысты «Сұрақ-жауап» айдары сайысқа қатысушы әжелерді әр-түрлі сұрақтармен қызықтырды. Ал үшінші «Өнерлінің өрісі кең» бөлімі әжелердің өз өнерін көрсетумен ерекшеленді. Бұл бөлімде әжелер ән айтып, би билеп қалың көрерменге өз өнерлерін көрсетті.
Сондай-ақ «Қазақы дастархан» деп аталатын бұл кезең әжелердің ас әзірлеуімен ерекшеленді. «Шебердің қолы ортақ» бөлімі болса, ұршық иіру жүн түту, құрақ жасап, көрпеше көктеу кезеңдерінен тұрды. Тартысқа толы ақ жаулықты әжелер сайысы көпшіліктің көңілінен шығып, қазылар алқасы сайысқа қатысушалардың барлығына сый-сияпат табыстады. Қарттарға ерекше көңіл бөлініп, құрмет көрсетілген бұл байқауда Күлайша Қарекеева, Орынша Әуелбекова, Дариға Ерімбетова,Миуагүл Базарбай сынды әжелер алғыс хат алып, сайыс ұйымдастырушылары мен көрермендерге өз ілтипатын білдірді. Ардагер қарттар барлық көрерменге ақ баталарын беріп, шара соңы мерекелік көңіл күйге ұласты.
Оразбек Жұмаділұлы,
ардагер-ұстаз
ардагер-ұстаз