Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық

Мерекелік шарада кітапханашы Перуза Түлкібай қоғамды ана тәрбиесінің рөлі ерекше екендігін атап өтсе, аудандық оқушылар үйінің әдіскері Ғалымжан Самат нәзік жанды аналар қауымын шуақты мерекемен құттықтады. Шиелі аудандық оқушылар үйінің «Раушангүл» үйірмесінің мүшелері кешке қатысқан аналарға өздері жасаған гүл шоқтарын ұсынды. Аналар қауымы үлкен қуанышқа бөленді. Кітапхана меңгерушісі Гүлзира Қоңыратбаева шараны қортындылап, аудандық оқушылар үйінің ұжымына, үйірме жетекшілеріне «Қол өнер» үйірмесінің жетекшісі Бағила Кенжаеваға, «Раушангүл» үйірмесінің жетекшісі Айгүл Абілдашева алғысын білдірді. Шара соңында белсенділік танытып, шараға қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Ш.Тілеубаев