Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Маман болжам жасады: Қазақстандықтарды наурыз айында не күтіп тұр?

Маман болжам жасады: Қазақстандықтарды наурыз айында не күтіп тұр?


Қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова көктемнің бірінші айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ескінің орнына жаңасы келеді
Жұлдызнамашының айтуынша, әлемде қор нарығында тұрақсыздық байқалады. Сол себепті ол тәуекелге бармауды ескертті. Эмоция саналы түрде шешім қабылдауға кедергі келтіреді.
«Ірі сыбайлас жемқорлық даулары шығады. Уран – Сатурн аспектісі олигархтар соғысын, билікке таласы мен өздерінің матералдық активі үшін күресін білдіреді. Олар демократия, бостандық пен жемқорлыққа қарсы күрес ұрандарын желеу етіп, халықтың наразылығын өз мақсатына пайдалануға тырысады. Бірақ, өздері кәнігі жемқор болып қала береді», – деді маман.
2022 жылғы мамырда Нептун-Марс энергиясы қосылып, 2023 жылдың соңына дейін ықпал етеді. Бұл кезеңде теңізде әскери іс-қималдар өту ықтималдығы өте жоғары. Сонымен қатар, бұл энергия теңіздегі арандатушылықтан бөлек, мұнай-газ құбырларында апатты жағдайлар туғызуы мүмкін.
«Жылдың екінші жартысы мен 2023 жылдың басы тыныш болмайды. Қазақстанның картасы да 2022 жылғы наурыз айы күрделі болатынын көрсетіп отыр. Ел ішінде тәртіпсіздіктер болып, тау-кен өнеркәсібі мәселелері көтерілуі мүмкін. Қазақстан картасындағы Уран-Венера аспектісі ескі жүйенің күйреп, жаңасы орнайтынын білдіреді. Ашығын айтқанда, бұл аспекті 2021 жылғы мамырдан бастап күшіне ене бастады. Оны белгілі бір саясаткерлердің орнына жаңа адамдардың келуімен байланыстыруға болады. Бұл тек ел президентіне ғана қатысты емес. Бұл жаңа партиялар мен қоғамдық ұйымдардың құрылуы», – деп болжады Әбдірайымова.
Астрологтың айтуынша, 2022 жылғы наурыз, тамыз және желтоқсан айларында бұрынғы элита өз позициясын сақтап қалуға соңғы рет талпынады.
Маман кейбір елдерде күтпеген өзгерістер немесе соққылар, табиғи немесе ұшақ апаты, атом электр станцияларында апат болуы мүмкін екенін ескертті.
«Біз жаһандық өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Бұрынғы заман өткенін, енді бәріміз бірге жаңа әлем құруға тырысуымыз қажет екенін бәрі түсінеді. Бұл соғыста олигархиялық кландарға емес, өз халқына арқа сүйейтін президенттер ғана жеңіске жетеді. Халықтың көзі ашылып, ел билеушілері өз мемлекетін қорғауға үнемі дайын бола бермейтінін түсіне бастайды», – деді астролог.
Ай күндеріне болжам
Әбдірайымова наурыз айы пластикалық операциялар үшін сәтті кезең емес екенін атап өтті.
1 наурыз – ішкі түйсік алдамайды, бірақ эмоцияға ерік бермеген абзал. Қымбат заттар сатып алғанда абай болу керек. Ең дұрысы, қазір бағалы дүние алуға асықпаған жөн, өйткені ол кейін арзандауы мүмкін.
2 наурыз – логика жақсы жұмыс істейді, бірақ адамдармен сөйлесуге құлқыңыз болмайды. Әсіресе бос әңгімеге уақыт кетіргенді жөн көрмейсіз.
3, 4 наурыз – оптимизм, жоғарғы органдарға жүгіну үшін қолайлы кезең.
5 мен 18 наурыз аралығы – қызбалық, сезімталдық, күйгелектік. Сонымен қатар романтикалық кездесулерге қызығушылық артады, бірақ қарым-қатынас ұзаққа созылмауы мүмкін, міндеттеме алудан қашасыз. Егер қандай бір талап қойсаңыз, көп ұзамай, 20-23 күндері сүйіктіңізбен қарым-қатынас үзіледі.
Ал 28 наурыз күйзеліске түсіп, өмірден түңіліп кетуіңіз мүмкін.
Наурыздың соңы мен сәуірдің алғашқы күндері қатыгездік, агрессия энергиясымен қатар жұмысқа қабілеттілік, жауапкершілік энергиясы қосылады. Кім не таңдайтынын әр адам өзі шешеді.
03 наурыз 2022 ж. 253 0