Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавируспен ауырғандарда қандай дерт пайда болуы мүмкін

Коронавируспен ауырғандарда қандай дерт пайда болуы мүмкін

Бұған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытына қатысты болжам жасады. Мамандардың айтуынша, ол 2022 жылдың басында тоқтайды.
Covid-19 инфекциясын жұқтырып, сауығып шыққан адам қалпына келуі үшін біршама уақыт қажет. Алайда көп жағдайда аурудан кейін денсаулық нашарлауы мүмкін.
Оксфордтың Брукс университетінің мамандары науқастардың көпшілігінде қысқа мерзімді жүйке-психика бұзылуы байқалатынын анықтады, деп хабарлады РИА Новости.
Мысалы, адамдардың 95%-інде аурудан кейінгі стресс, 45%-інде көңіл бөлудің бұзылуы, 13-28%-інде есте сақтау қабілетінің нашарлауы анықталған.
Сонымен қатар Сovid-19 инфекциясын жұқтырғанға дейін бұл науқастарда мұндай ауытқулар болмаған.
Ал 17-42% адамда аурудан кейін депрессия пайда болған. Науқастардың арасында есте сақтау (38-50%) қабілетінің нашарлауына шағымданғандар да бар.
Айта кетейік, бұған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытына қатысты болжам жасады. Мамандардың айтуынша, ол 2022 жылдың басында тоқтайды.

08 наурыз 2021 ж. 550 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30