Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: науқастардың есте сақтау қабілеті неліктен нашарлайтыны белгілі болды

Коронавирус: науқастардың есте сақтау қабілеті неліктен нашарлайтыны белгілі болды

Коронавирус: науқастардың есте сақтау қабілеті неліктен нашарлайтыны белгілі болдыКоронавируспен ауырған науқастар есте сақтау қабілеті мен концентрациясының нашарлауынан зардап шегеді. Оның бірнеше себебі бар. Ең алдымен, бұл стресс пен қорқынышқа байланысты болуы мүмкін. Бұл факторлар жоғары қан қысымын, қан тамырлары проблемаларын және ишемия дамуын тудыруы мүмкін. Тағы бір себеп – коронавирустық инфекцияның нейротоксикалық әсері. Үшіншіден, өкпе қызметінің бұзылуы. Әлсіреген өкпе өз қызметін толығымен орындай алмайды және ми қыртысын оттегімен толық қамтамасыз ете алмайды. Сондай-ақ мамандар коронавирустың осындай салдарымен күресу үшін стресстік жағдайлардан аулақ болу керек екендігін, құрамында В тобының, магний мен мырыштың көп мөлшері бар витаминдік кешендерді қабылдау қажеттігін айтуда. Осы категория бойынша: « Шаштың түсуін тоқтататын әдіс аталды Елорда: жастарға жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау 1 желтоқсанда басталады »

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bylu-manyzdy/item/439508-koronavirus-nau-astardy-este-sa-tau-abileti-nelikten-nasharlajtyny-belgili-boldy
30 қараша 2020 ж. 783 0