Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Есте сақтау қабілетін жақсартатын емдік сусындар

Есте сақтау қабілетін жақсартатын емдік сусындар



Есте сақтау қабілетіңіз нашарласа, өмірде көп нәрсе жоғалтасыз.
«Бір сағаттан соң есіме салшы», «Қайда қойғанымды ұмытқаным-ай...», «Есімнен тарс шығып кетіпті» деген сөздерді сіз де жиі айтып жүрсіз бе? Бұл есте сақтау қабілеттің нашарлағанынан дерек береді.
Мамандар есте сақтау қабілеттің нашарлауына: Мидағы ақпараттың көптігі; Дұрыс тамақтанбау; Ұйқының қанбауы; Бір орында отырып жұмыс істеу; Жағымсыз әдеттер; Стресс пен күйзеліс себеп болады дейді. Демек, өміріңізге көп кедергі келтіретін емнен тезірек арылуға кірісіңіз. Ол үшін үйде мына сусындарды дайындап ішсеңіз болғаны.
1. Күніне 3 рет 1/3 стақан қияр сусынын ішіңіз. Бұл есте сақтау қабілетіңізді артырады.
2. Жарты стақаннан қияр мен қызанақ сусынын араластырыңыз. Оған 1 шай қасық сарымсақ сусынын қосып ішесіз. Бұл емдік сусынды күніне екі рет таңертең және кешке қолдану керек. Емді үзбей 1 ай жүргізсеңіз, оң нәтижесін байқайсыз.
3. Жарты стақаннан сәбіз бен қызылша шырынын араластырып ішіңіз. Емді күнде таңертең ашқарынға қабылдау керек.
4. Қаражидек көздің көру қабілетін жақсартатынын білесіздер. Мұның есте сақтау қабілетті арттырып, мидың жұмысын жандандыратын да қасиеті де бар екен. Ол үшін күніне 2 рет жарты стақан қаражидек ішіңіз. Емді таңертең және кешке жүргізу керек.
5. 2 дана ірі пиязды еттартқыштан өткізіп, сүзіп алыңыз. Оған сондай көлемде бал араластырып, 1 ас қасықтан қабілдайсыз. Емді күніне 3 рет қабылдау керек. Емделу мерзімі – 2 апта.
6. Жарты стақаннан грейпфрут пен алма шырынын араластырып ішсеңіз де есте сақтау қабілетіңізді жақсартады.
ernur.kz
26 қаңтар 2019 ж. 966 0