Жалақысы төмен жұмысшыларға қамқорлық
Парламенттің қос палатасы біріккен жиында Президент бес әлеуметтік бастамасын ұсынып сөйлеген сөзін теледидардан көріп, танысып риза болдық. Бес бастама да халық көкейінде жүрген маңызды, өзекжарды мәселелер.
Әрине, бірінші бастама ретінде әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру мәселесі де өте өзекті. Бұл бастама баспана алуда жеңілдіктерді ұсынып қана қоймайды, сонымен қатар, бұл экономиканың шағын және орта бизнестің өрістеуіне жұмыс істейді, жаңа жұмыс орындарын ашады. Жұмыс істеген соң жақсы жалақы алғың келеді. Мына екінші бастама көптеген жандардың арманын ақиқатқа айналдырады екен. Екінші бастама «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбек ақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» деп аталады екен. Яғни, келер жылдан бастап салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 пайыз ғана салық салуды көздеп отыр. Бұл аз жалақы алатындарға көмек дер едім. Жұмыс істейді дегені болмаса бұл мардымсыз ақша қажеттілікті өтей алмайды. Онсыз да өлмешінің күнін көріп отырған жандарға бұл тәп-тәуір көмек дер едім. Күнкөрісі ең төмен деңгейдегі жұмысшылардың жағдайына Елбасының осылайша назары ауып, қамқорлық танытуы өте құптарлық мәселе деп айтар едім. Қарап отырсақ, ең төменгі жалақы алатын жандар өте көп. Бір жақсысы, жұмыс берушіге де бұл мәселе салмақ түсірмейді. Көршімнің студент баласы Алматыда айына 40 мың теңгеге пәтер жалдап отыр екен. Ішетін ас-суы да біраз қаржыны қажет етеді. Жүріп-тұруына да біраз қаражат жұмсайды. Әке-шешесінің алатын жалақылары да төмен. Сондықтан, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету де орынды деп есептеймін. Елдің Елбасыға айтар алғысы шексіз.
Нұргүл КӘРІМБАЕВА,
теміржолшы.