Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақ тілек

Ақ тілек

Әуелі алғыс Аллаға,
Адам қып мені жаратқан.
Мың алғыс ата-анама,
Шырақ жағып ойыма,
Менің тұла бойыма,
Қаны мен сүтін таратқан.
Бауырларыма мың алғыс,
Тараған бір дарақтан.
Ұстазыма мың алғыс,
Қолыма қалам ұстатып,
Санағышты санатқан.
Достарыма мың алғыс,
Алысып ойнап, жұлқысып,
Бірге қайтқан сабақтан.
Туысқаныма мың алғыс,
Қалімді ұққан қабақтан.
Жан жарыма мың алғыс,
Мені күтіп таңы атқан.
Ұл-қызыма мың алғыс,
Үзіліп тұрған сағақтан.
Әріптесіме мың алғыс,
Ойымды дұрыс қалатқан.
Жолдастарға мың алғыс,
Дәм татқан бір табақтан.
Ағайынға мың алғыс,
Көштен қалсам аямай,
Озсам тартар балақтан.
Құдаларға мың алғыс,
Туыстықтың жалауын,
Кеудеге нықтап қадатқан.
Ауылдасқа мың алғыс,
Ойы, сөзі түп-түзу,
Жебедей тартқан садақтан.
Тілек айтам бүгінде,
Көктемнің алғы күнінде.
Тек жақсылық әкелсін,
Арайлап атқан әр ақ таң!

Талғат Күзембаев,
Бала би ауылы
01 наурыз 2022 ж. 1 046 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031