Берік отбасы - есірткіден алыс!
Баланы, бұзуға, түзеуге болатын бір шарт – жас күнде көрген өнеге. Ж.Аймауытов
Отбасы- қоғамның маңызды құрамдас бөлігі. Әр отбасының өзіндік ережелері, қағидалары, ұстанымдары болады. Отбасында ауызбіршілік, ынтымақтастық болса, қоғам да тұрақты дамиды. «Бақыт қайда барасың?» деп сұрағанда «Ынтымағы жарасқан елге барамын» депті. Бұл сөзде үлкен астарлы ой жатыр. Өзіндік отбасылық заңдылықтары, өзара сыйластықтарымен бірге тәртіп пен әдебі қалыптасқан жанұяға бақыт та, бақ та қонады.Ал сыйластығы жоқ жанұяның шырқы бұзылады. Бұл отбасының ғұмыры да ұзаққа бармайды. Нәтижесінде сәтсіз отбасылар пайда болады.Басты себеп әкенің отбасылық жауапкершілігінде.Егер де қиыншылықтарға төтеп бере алмай ащы суға салынса,ол отбасының шырқы бұзылады. Отбасында кикілжіңдер көп болады. Кикілжіңнің салдарынан қадағалаусыз қалған жасөспірімнің есірткі деген пәлеге ұрынуы. Ал жастары есірткіге бет алған елдің ертеңі күмәнді, болашағы күңгірт. «Ел болам десең бесігіңді түзе» деп бекер айтылмаған. Әр отбасының беріктігі отбасындағы әке мен ананың қандай қиындықтар болса да төтепберіп, түтінін түзу шығарып,толыққанды отбасы болып қалыптасуында. Отбасымыздың тыныштығын сақтап, жас шыбықтай иілген балаларымыздың діңгегі мықты болуы үшін қандай тәрбие беріп жүрміз?
«Әке көрген - оқ жонар, Ана көрген - тон пішер», Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген халық мақалдарын халық қалт айтпаған ғой. Бала әке-шешесінің айтқанын емес, олардан көргенін істейтді. . Бесікте жатқан алты айлық бала сөйлей алмаса да, біздің жүріс-тұрысымызға, сөйлегенімізге қарап-ақ, тәрбиелене бастайды екен. Данышпан қазақ халқы«Тәрбие- тал бесіктен» деп бекер айтпаған.
Балаларымыздың бос уақыттарын тиімді өткізулеріне жағдай жасауымыз керек. Түрлі үйірмелерге қатыстырып,балаға әрбір жақсы істі әдет ретінде емес, ізгі ниетпен, ыстық ықыласпен жасау, еңбектену керектігін ұғындыру қажет.Мұны балаға үғындыру, әрбір ата-ананың міндеті. «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» екенін естен шығармайық ағайын.
Халық едік, бұзылмаған қаймағы,
Салт-дәстүрін сақтаған әр аймағы.
Қымыз, шұбат ішіп өскен халықпыз,
Есірткіге жол бермейміз, қайдағы!
Атымтай Сыздықов,
Нартай ауылы
Нартай ауылы