Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күшіміз – бірлікте

Күшіміз – бірлікте

Елдегі жаға ұстатар жағдайға шыны керек бәріміз алаңдап кеттік. Ертеде Барақ сұлтан мен Құнанбай күйбең тірлікте көп шекісіп қалса керек. Құнанбайды орыс­тар Сібірге жер аударып жатқанда Барақ сұлтан бүкіл дүниесін беріп, Құнанбайды аман алып қалады. Күнделікті тірлікте бір-бірімен келіспейтін тұстары көп болғанымен Құнанбайдың басына іс түскенде қазақтың екі тұлғасы бір жерден табылып өкпе ренішті ысырып тастап тектілік танытты емес пе? Ұлт үшін, ел үшін, болашақ үшін осы тектілік бәріміздің бойымыздан табылса екен деп тілеймін.Күндегі тіршілікті ысырып қойып, елдің тәуелсіздігі мен болашағы үшін бірігетін уақыт келді. Елдің, халықтың басына күн туған кезде ауызбіршілік танытуымыз парыз. Халықтың талабы билікке жетті. Енді алдағы уақытта халықтың талап-тілегі ескеріліп, барлығы жүйе-жүйесімен шешіледі деп сенейік. Сонымен қатар, барша қазақстандықтар арандатушылардың ықпалына еріп кетпей, дұрыс жолмен тәрбиеленгенін қалаймын.
Ертеде бабаларымыз біздің күшіміз бірлікте деген. Қазіргі кезде қазаққа керегі ауызбіршілік, бірлік, ынтымақ пен елдің татулығы. Бастысы, бірлігіміз жоғалмасын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі халықты сабырға шақырды. Әсіресе, ертеңгі үндеуден халық көп үміт күтіп отыр. Әр отбасындағы ата-ана өз ұрпағына тәуелсіздіктің қаншалықты құнды қаншалықты қасиетті екенін санасына сіңіру арқылы ұлтымыздың ұлылығын насихаттап отырса деймін.Біз тыныштық болғанын қалаймыз. Әрқашан да қазақтың қаймағы бұзылмасын. Бар тілегім қаңтар айының басындағы қанды қырғын қазақ үшін қайталанбаса екен. Қазақтың жанашыры қазақ қана.

Кенжебай Жүсіп,
Шиелі ауданының «Құрметті азаматы»
11 қаңтар 2022 ж. 751 0