Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Татулықты ту еткен тұрғындар

Татулықты ту еткен тұрғындар



Татулық, ауызбіршілік, бейбітшілік – біздің басты байлықтарымыздың бірі. «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі» күні қарсаңында кенттің шығыс жақ беткейіндегі тұрғындары (әл-Фараби) халықтың басын қосып, ас беріп, құраннан дұға бағыштады.
Жылдағы дәстүрлі тасаттық құлшылығын өтеуді осы жылы тұрғындар арнайы мерекеге орайластырған екен. Шараға жастар жағы ауызбіршілік танытса, оны тұрғындар қолдап, кәсіпкерлер демеушілік көрсеткен. Қаз-қатар бес шатыр тігілсе, ақ киізге оранған қараша үй өз алдына бөлек халыққа қызмет жасады.
Тігілген шатырға екі мыңға жуық адам бас сұғып, әзірленген астан дәм татты. Ал ауданның бас имамы Бақыт Ұлжаев елдің ауызбіршілігі мен ынтымағын арттыратын, сауапты іске шақыратын уағыз айтып, құран оқып, елдің амандығы үшін дұға жасады.


Е.БАЛТАБАЙҰЛЫ.
03 мамыр 2019 ж. 1 088 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031