Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаларға базарлық

Балаларға базарлық

Жаңа жыл қарсаңында «Nur Otan» партиясы фракция мүшесі, аудандық мәслихат депутаты, №252 Г.Н.Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясының директоры Гүлзира Жанабаева мектеп оқушыларды яғни балаларды құттықтап, жаңа жылдық сыйлықтарын табыстады.
Арнайы ұйымдастырылған шара барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, Үйде оқытылатын балаларды және жартылай жетім, әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге барлығы 40 балаға жаңа жылдық сыйлықтар берілді.
Алыстан дорбасымен арбалап келген Аяз ата балаларға асыға жеткенін айтып, Қарша қыз екеуі мерекелік тартуларын паш етті. Сонымен қатар, өз өнерлерін жарыса көрсеткен оқушыларға тәттілерін үлестіріп, ізгі тілегін аудандық мәслихат депутаты, №252 Г.Н.Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясының директоры Гүлзира Есенгелдіқызы айтты.
Осылайша, бақытты балалықты байқататын балалардың көңілдері бір марқайып, жадырап қалды. Биылғы жылғы игілікті жаңалықтарымен есте қалған Сиыр жылымен қоштасып, жақсылыққа жаршы болар деген ниетпен жолбарыс жылын да ерекше қарсы алу барлығымыз бұйырсын деп тамаша көңіл-күймен тарқасты

Жұлдызай Ноғайбайқызы
29 желтоқсан 2021 ж. 606 0