Олжалы отыз жыл
Еліміз үшін азаттық – ең қасиетті ұғым, ал Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн болғандықтан, мемлекеттің мерейін асырған осы құндылықтар хақында, мәңгілік мұрат-мақсаттарымыз бен бүгінгі міндеттеріміз туралы мәнді, салиқалы Тұңғыш Президент мақаласы отандастарымызды да, әлемді де жетелі ойға бұрды дей аламыз.
Сондықтан Қазақстан Тәуелсіздігі шежіресі көшбасшы мен куәгерлер көзімен, сөзімен бүгін жазылып жатқаны – қай жағынан да жарасымды. Отыз жылда тұтас халықты бір мүддеге жұмылдыру, басты байлығымыз – адам ресурсы мен санын көбейтіп, ортамызды толтыру, түрлі сын-қатерге қарсы тұрып, төтеп беру, ұрпағымыздың мемлекетшіл сана-сезімін ояту оңайға түспеді.
Барлық салада биік белес, айтулы асу болғаны рас. Соның ішінде көңілді демдейтін, сезімді қанағаттандыратын, төзімді шыңдай түсетін түйдек-түйдек тұжырымдар жасалыпты. Тағы бір қайталап оқып көріңіздерші, деректік те, тұжырымдамалық та олжаға кенелесіздер.
«Біз жаңа заманда қантөгіске жол бермей, қасиетті киеміз – Тәуелсіздікке сабыр мен төзімділік, ақыл мен парасат арқылы қол жеткіздік».
«Еңбек ет, отбасыңды асыра, еліңе қызмет қыл: өзің де табысты болып, Отаныңның да қуаты артады».
«Коронавирус дертінен туындаған пандемия әлемдік экономиканы ғана емес, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды, ғылым мен технология дамуын, жалпы адамның ойлау жүйесін айтарлықтай өзгертті».
«Президент ауысады, бірақ Тәуелсіздік мәңгілік болуы керек. Әр қазақстандық алдағы уақытта оның тұғырын нықтап, еңсесін тіктеп, абыройын асыруға қызмет етуге тиіс. «Мәңгілік ел» идеясының түпкі мақсаты осында».
Түсініп оқыған, зерделеп тоқыған адам үшін бұл сыр-толғау – азат елдің бұрынғы-соңғы дәуірнамасы, жылнамасы ғана емес, әрбір замандастың, келер ұрпақтың санасына сіңіретін сабақ, танымын кеңейтетін қоғамтану шеберлік сыныбы бола алады.
https://egemen.kz