Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұғырлы тұлға тағылымы

Тұғырлы тұлға тағылымы

Елбасы Н.Назарбаевтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаған мақаласын тұшына оқып шықтым. Жазылған дүниені кең ауқымды түрде қазақ тарихымен астастыра отырып көз алдыма елестеттім. Шындығында да ықылым заманнан бері дүниенің небір арпалысымен, небір зар заманында жері мен елін, тілі мен дінін сақтап қалған бабаларымыз неткен рухы биік қайсар жандар еді.
Елбасымыз айтып көрсет­кен­дей, сол қиын­дық атаулыға қасқая қарсы тұрып, үз­дік­сіз алға жылжыған олардың қайсар рухы екені сөзсіз.
Шындығында да, әлемді жайлаған соғыс өрттерінде, басқа түскен зобалаң кезең­дерде ұлтымыздың айтулы тұлғалары хал­қ­ына бас болып, бірліктің тұтқасын ұс­тап, ұлтты аман алып қалғаны айдай анық. Соның арқасында Ұлы дала­ны сақ­тап, бүгінгі Тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Егемендік алған жылдары да аяқтан тік тұрып кету оңайға соққан жоқ. Сол қиын кезеңдерде халқын қанаттыға қақ­тыр­май, тұмсықтыға шоқ­тыр­май, қайраңға қалдыр­май әлемдік өркениеттің алдыңғы шебіне қосқан Тұңғыш Прези­дентіміздің еңбегі ересен. «Болашақ» бағдарламасы арқы­лы «Әлемдік ғылым мен мәде­ниеттің ең үздік жетістік­терін меңгерген жаңа ұрпақ қа­лыптастыруда» кемеңгер­лік­пен жол ашқан Елбасы екені сөзсіз.
Көреген көшбасшы тек Қазақстан хал­қының алдында ғана емес, әлем халқы­ның алдында да беделі өте биік саясаткер екеніне мақтанамыз. Әлемде ең бірінші болып атом сынақ алаңын жойған, Арқа төсінде әлемдегі ең әдемі ас­тана Нұр-Сұлтан қаласын сал­дырған Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты өміршең болғанын тарих беттерінде алтын әріптермен жазылып қойды.
Саралап айта берсек, са­йып­қыран сая­сат­кер тұлға – Елбасының еңбегі еге­мен­дік үшін ерекше. Ол жасаған сая­си, эконо­микалық реформа­лар, рухани жаң­ғыру, инфра­құрылымдық даму, ұлттық теңгені айналымға енгізу, мұның бәрі Тәуел­сіздігімізді тұғырлы ету жолында Елбасы атқарған қадау-қадау соны қадамдар болатын. Бұл игі істердің қатарында сондай-ақ дүние жүзіне тарыдай шашылған миллионнан астам қандасты қайтару ісін де айрықша атап кеткеніміз жөн.
Бір сөзбен айтқанда, Тәуел­сіздікке тұғыр болған тұлға ретінде Елбасы еңбегі қазақ үшін әрқашан ұмытылмақ емес.


https://egemen.kz​​​
10 желтоқсан 2021 ж. 569 0