Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛБАСЫ СЕНІМІ ЖІГЕР БЕРЕДІ

ЕЛБАСЫ СЕНІМІ ЖІГЕР БЕРЕДІ


Сұлтанмұрат Бауыржанұлы, облыс әкімі грантының иегері, Ресей елінің МИСИС университетінің магистранты:

«Әр Қазақстан азаматы реформалардың мәнін, Отанымызды өркендету жолында олар­дың маңызды екенін түсіну керек. Ал, мұны жеткізу біздің міндетіміз. – «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын бәрі қолдады. Оған қо­сымша «Бес әлеуметті бас­таманы» көтердік», – деген Елбасы, жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс екендігін баяндады.

– Елбасының жыл сайынғы Жолдау­лары еліміздің одан әрі дамуы, мемлекетіміздің нық іргетасын қалаудағы маңызды шаралардың бірі. Еліміз небір қиын қыстаудан өтіп, тәуелсіздік туын желбіреткеннен бас­тап Президенттің нұсқаған батыл бағдары мемлекетті тек алға жетелеуде. Тәуелсіздікке қол жеткізу өте қиын екендігі бәрімізге түсінікті, алайда, оны жаһандану заманында болып жатқан ахуал жағдайында сақтап қалу одан да қиын.
Менің ойымша, Елбасының ұсынған бағыты еліміздің бүгінгі жаңа мүмкін­діктер заманында әрі қарай дамуын шарықтата түспек.
Еліміздің қамы үшін әрбіреуіміздің тамшыдай болсын үлесіміз маңызды. Өйткені, біздің басты мақсатымыз – 30 дамыған елдің қатарына кіріп, тұтқасын нық ұстар «Мәңгілік елге» айналу.
Еліміздің болашағы, жаңа әрі жас буыны – біздер! Қазіргі техникалық мамандық­тардың, ғылым мен инновацияның шарықтап тұрған заманында, біздер шеберліктің шыңына жете біліп, білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға дағдылануымыз қажет.
26 қаңтар 2019 ж. 1 111 0