Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Азат елдің азаматымыз

Азат елдің азаматымыз

Қазақ ұлтының сақталуы, ықылым заманнан өзі мекендеген ата жұртында дербес мемлекет, егемен ел ретінде шаңырақ көтеріп, өркендеуінің бастауы Тәуелсіздікке келіп тірелетіні анық. Сондықтан да қазақ үшін Тәуелсіздік күнінің алатын орны ерекше екені даусыз.
Мінеки, ел болып, тереземіз басқа жұртпен тең болып, халықаралық деңгейде толыққанды мойындалған мемлекет ретінде өмір сүріп жатқанымызға да 28 жылдың жүзі болып отыр. Экономикалық-әлеуметтік, саяси, қауіпсіздік мәселелерінде, оның ішінде жаһандық, өңірлік проблемаларға қатысты өз алдына дербес шешім қабылдай алатын, өз ұстанымына берік егемен мемлекет бола алатынымызды барлық қырынан айқындап, мойындаттық. Қазақ деген халықтың өресі биік, өрісі кең екенін әлем жұрты білді. Тәуелсіздікке жету жолындағы үш тарихи маңызды оқиға деп Егемендік туралы Декларация, Тәуелсіздік туралы Заң, Қазақстанның тұңғыш Ата Заңының қабылданғанын атап өтсек те болады. Бүгін біздер егеменді елдің көптеген мүмкіндіктерімен болашаққа нық қадам басып келеміз.

Бекбол Өтеубаев,
№9 Шиелі аудандық спорт мектебі директорының орынбасары
14 желтоқсан 2019 ж. 765 0