АЗАМАТТЫҚ ІС МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ТОҚТАТЫЛДЫ
Медиация туралы қысқаша түсінік.
Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық, тағы басқа құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша туындаған дауларда қолданылады.
Азаматтар, сондай-ақ заңды тұлғалар медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның нәтижесінде біршама істердің шешілу сапасын арттыруға септігін тигізеді.
Осы орайда, Шиелі аудандық сотында талап қоюшы «З» -ның жауапкер «Н»-дан қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
Істі сот талқылауына қарау барысында, судья Ж.Т.Сарбасовамен дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешудің тиімділігін түсіндірілді. Осыдан соң тараптар дауды медиация арқылы шешуге ыңғай танытып, билер кеңесіне жүгіну арқылы медиативтік келісім жасасып, жауапкер берешек қарызын келісімде көзделген мерзімде төлеп құтылуға міндеттеніп, талап қоюшы талабынан бас тартты.
Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.
Мемлекеттік баж алымдары талап қоюшыға қайтарылды.
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі.