Білім бәйгесі біліктілікті арттырады
Мұғалім – сыныптағы отыз оқушыны зерттеуші психолог, білім беретін білікті маман, шәкірттерінің көңілінен шығу үшін түрлі кейіпке енетін әртіс, бір сөзбен айтқанда, бірнеше мамандықты қатар алып жүретін жан. Сол себепті де, мұғалім үнемі ізденіс үстінде болып, өзін жетілдіріп отырады. Ал, осы тұрғыда білім бәйгесінің алар орны бір төбе. Мұнда ұстаздар барлық сала бойынша ізденіп, білім көкжиегін кеңейтеді.
Өткен аптада Бестам ауылындағы №205 білім ордасында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұрат Қыпшақбаевтың ұйымдастыруымен, «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалының қолдауымен білім бәйгесі өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл бәйгенің ерекшелігі шараға тек мұғалімдер ғана қатысқан жоқ. «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» атты интеллектуалды білім сайысына «Аружан» ЖШС балабақшасының тәрбиешілері мен «Бестам» ауылдық клубы қызметкерлері және мектеп мұғалімдерінен құралған 6 топ қатысты.

Шара барысында қатысушыларға Қазақстан тарихы, мәдениет, әдебиет, салт-дәстүр, түрлі ырым-жоралғылар, астраномия, география сынды түрлі саладан сұрақтар қойылды.
Сайыстың қорытындысы бойынша №205 орта мектеп ұстаздары Мақсат Әбілдаев пен Назерке Төремұратова І орынды жеңіп алды. Ал, ІІ орынға «Бестам» ауылдық клубы қызметкерлері Ұлдана Амирова мен Ұлжалғас Қайыпова лайықты деп танылды. «Аружан» ЖШС балабақшасының тәрбиешілері Құралай Қалжанова, Ақбаян Нұрдиновалар белсенділігінің арқасында ІІІ орын иегері атанды. Барлық қатысушыларға алғыс хат, диплом және сыйлықтар табыс етілді. Шара соңында сөз алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұрат Қыпшақбаев: «Біз еліміздің болашақ тұтқасын ұстайтын жастарды тәрбиелеудеміз. Сол себепті де, әрбір ісімізге жауапкершілікпен қарауымыз керек. Білімді ұстаз ғана білікті шәкіртті тәрбиелей алады. Сондықтан, бүгінгі білім сайысы алдағы уақытта да жалғасын табатын болады», – деді.
Ерұлан ДАТКЕНОВ