Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

 «Қазгидромет» 24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - жауын-шашын жауады. Күндіз елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында төпелеп жаңбыр мен қар жауады. 
Тек Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашын жаумайды.
Республиканың басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, күшті жел болады. Республиканың батыс жартысында, орталығында тұман түседі. 
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы - 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қарағанды облысының солтүстік-батысында күндіз - көктайғақ, бұрқасын. Желдің жылдамдығы - 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысының оңтүстігінде - көктайғақ, күндіз - бұрқасын соғады. Жел қарқыны - 15-20 м/с. 
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде - көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с шамасында болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. 
Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі, күндіз Атырау облысының солтүстік-батысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының шығысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел қарқыны - 15-20 м/с. 
Қостанай облысының оңтүстігінде - тұман, көктайғақ, облыстың шығысында - жаяу бұрқасын. Күндіз облыстың оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. 
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жел екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, орталығында жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады. 
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. 
Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі, жел 15-20 м/с жетеді. 
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жел қарқыны - 15-20 м/с. Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

https://baq.kz
24 қараша 2021 ж. 356 0