«Бойтұмар» қобызшылар квинтетінің «Тәуелсіздік сарыны» атты концерті өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркеғали Рахмадиев атындағы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы «Бойтұмар» қобызшылар квинтетінің «Тәуелсіздік сарыны» атты концерті өтті.
Жетекшісі - Мәдениет саласының үздігі - Жанар Қасымова.Нағыз ұлттық өнер жанашырлары саналатын квинтет құрамында қобызда – «Құрмет» орденінің иегері – Жанар Жүсіпова, сымқобызда – Мәдениет саласының үздігі – Ботагөз Ташимова, сымқобызда – Халықаралық байқаулардың лауреаты – Жанар Қасымова, альт – Республикалық байқаулардың лауреаты - Айнұр Шарипова, Виолончель – Республикалық байқаулардың лауреаты - Ақнұр Багидуллаева сынды арулар мен «Шалқыма» халық би ансамблінің артисі – Ақбаян Серікқазина әдемі кеш барысында көрермен қошеметіне ие болды.
Кеш қонақтары Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, ҚР мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор - Шахимардан Абилов Ұлы Абайдың әндерін шырқап, «Құрмет» орденінің иегері – Айзада Капонова халық әнін көрерменге тарту етті.
Тыңдармандар Қазақ оркестрінің кәсіби қобызшыларының орындауында Қорқыт бабамыздан бастау алған қобыз күйлерін, Тәуелсіздік таңында арнайы квинтетке жазылған шығармалар мен халық әндерін тыңдай отырып, ұлттық нақыштағы қобыз үнімен ұштасқан музыкаға куә болады.
https://baq.kz