Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері өтіп жатыр

Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері өтіп жатыр

BAQ.KZ. Мәскеуде ХШЖК-де ашылған «Қазақстан» павильонының жанында Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндерінің басталуына орай мерекелік бағдарлама өтті. Ресей астанасының тұрғындары мен қонақтары Мәскеу қаласының күні тойында қазақстандық шеберлердің өнерін тамашалады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Әшіров пен саусағынан бал тамған домбырашы, халықаралық конкурстардың лауреаты Абылай Тілепбергенов «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен қазақ және орыс әуендерінен попурри орындады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солисті Нұрлан Бекмұхамбетов орыс қызы Мария мен Дударайдың махаббат тарихын баяндайтын «Дударай» әнін сыйға тартты.

«Ұлы Даланың бұлбұлдары» композициясын Ресей мен Қазақстанда танымал опера әншісі Салтанат Ахметова, Айзада Капонова мен Анастасия Кожухаровамен триода орындады. Қазақстанның нағыз бұлбұлдары шырқаған бұл әнге қолсоғушылар көп болды.

Мерекелік концертті «Астана опера» театрының балет труппасы Ахмет Жұбановтың «Абай» операсынан «Қарлығаш» композициясымен жалғастырды.

Алдыңғы толқын ағаларға қазақстандық жас орындаушылары да қолдау көрсетті. «Голос. Дети 2018» телешоуының жеңімпазы Данелия Тулешова француздық «Jevoux» әнін шырқады.

«The Jigits» тобы Байғали Серкебаевтың жетекшілігімен қазақ және орыс тілдерінде ән айтты. Бір кездері Батырхан Шүкенов орындаған, Қазақстанда халық әніне айналып кеткен «Солдат любви» және «Күндер-ай» әнін қалың көрермен жаңа буынның орындауында тыңдады.

Динайя «The Jigits» тобымен шығармашылық дуэтте орындаған «Дорогие мои москвичи» әні көрермендерді тәнті етті. Әртістердің өнеріне қалың көрермен қол соқты.


Халықаралық конкурстардың лауреаты «ElDivas» тобы өнерсүйер қауымға «Менің Қазақстаным», «Ақ Орда» және «Голос» сынды үш ән сыйлады.

Бағдарламаның соңында концертте өнер көрсеткен барлық қатысушылар «Песня остается с человеком» атты әйгілі композицияны шырқады.

Концерттік бағдарламаны Әділет Рахимбаев, Анна Данченко, Кирилл Мейстер жүргізді.

Айта кетейік, бүгін басталған мәдени іс -шаралар 11 қыркүйекке дейін жалғасады.

08 қыркүйек 2019 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (8724)

20 қыркүйек 2019 ж.

№72 (8723)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (8722)

14 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам