БЕС МИНУТТА БЕС ЖҮЗ ТЕҢГЕ
Бәріміз пендеміз. Сондықтан да жердеміз. Ал, пенде болғандықтан түрлі қиындықтарға тап болатынымыз хақ. Кенеттен кедергілер келе қалса, біріміз бақсыға, балгерге, нумерологқа баратынымыз тағы бар. Әйтеуір тығырықтан шығудың жолын іздейміз. Біріміздің үмітіміз ақталады. Біріміздікі тапталады. Не керек, бүгінде бақсы мен балгердің есігін қағатындар көбейген. Алайда, елдің бәрін аңқау деуге ауыз бармайды. Көптің көзі ашық. Әйткенмен, елде арамза көріпкелге алданатындар жетерлік. Ендеше, тақырыпты толығырақ тарқатайық.
Әбдіманап Шорабаев базары. Кезекті журналисттік зертеуіміз бойынша, бүгін де дәл осы базарға қарай жол тарттық. Сауда-саттықтың ошағы осы жер болғандықтан, келушілердің саны өте көп. Бұл жерден іздегеніңіздің бәрін табуға болады. Керек десеңіз, базар жиегінен жағалай орын тепкен бақсы-балгерлерді де кезіктіресіз. Біздің де іздеген мекен-жайымыз дәл осы жерде. «Тілегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар» дегенің кері келді. Әлеуметтік экспериментімізді олар байқап қалмас үшін, барынша қарапайым киінуге тырыстық. Содан соң, тізіле отырғандардың маңайына жақындадық. Ақырын жүре бергенімізде, бір апаның «келіңдер қызым» деген жылы үні естілді. Сол қапталымызға бұрыла қарағанымыз сол-ақ еді, апамыз бізді өзіне қарай икемдей бастады. Өзінің басында қоңыр түсті орамалы, үстінде тізеден төмен түсетін жемпірі бар. Былай қарасаңыз, балгерге мүлде ұқсамайды. Жүзіне қарасақ, қарапайым кісі секілді көрінді. Сол сәтте, қорапшаның үстінде тұрған ақ түсті мата мен бір уыс құмалақ бірден көзімізге түсті. Сонда біз

–Апа бізге құмалақ ашып бересіз бе?
–Атың кім?
–Сымбат!
–Жасың нешеде?
–21-де!
–Жақсы, ашып берейін. Тек, әуелі үстел үстіне 500 теңгеңді қой.
–Жақсы!
–«Тәк... Сымбат! Сен өте ақкөңіл, қолы ашық қыз екенсің. Алда сені бір жақсылық күтіп тұр. Бірақ, жолың байлаулы. Жолыңды ашпаса болмайды. Қажет болса, мен ашып бере аламын. Ол үшін жаңағы жерге мың теңге қоясың. Бұл әруақтарға. Егер жолыңды ашпайтын болсаң, қараңғы қапаста қаласың. Жаныңдағы қызда қасиет бар. Оның да жолын ашып беремін» деп апамыз әңгімесін қысқа қайырды.
Қорапшаның үстіне жайылған бір уыс құмалақ бізге мардымды жауап бере алмады ма, әлде құмалақшы апамыз қатырып ештеңе айта алма ды ма, әйтеуір, өзімізге керекті жауапты ала алмадық. Қысқасы, бізге келіп-кетер еш пайда көрмедік. Тек әлгі бес жүз теңге бес минуттың ішінде апамыздың қалтасында кетті. Далада жатқан ақша емес. Сол ақшаны қайырымдылық жәшігіне салғанымызда, әлдеқайда сауапқа кенелер едік.Хош. Біздікі тек әлеуметтік эксперимент қана. Алайда, экспериментіміздің нәтижесі көңіл көншіткен жоқ. Біздің ойымызша бұл табыс табудың ең оңай жолы секілді.
Бақсы мен балгерге біз сенбегенімізбен мұнда келушілердің қарасы қалың. Тіпті, адамдар тиын-тебенге жолын аштырып, бақытты болу үшін таңсәріден осында жиналады-мыс. Бірі – құмалақ арқылы болашағын болжаса, енді бірі – әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады екен. Олардың арасында тірі тауық арқылы бәле-жәледен сақтанатындары да бар көрінеді. Арғысын есту тіпті қорқынышты. Керек десеңіз, қара дуа жасайтындары да бар дейді мұнда келушілер. Бір сөзбен айтқанда, тұрақты тұтынушылар да жетерлік. Ал, енді бес минутта бес жүз теңге табатын балгерлердің күнделікті табысын ойша есептеп көріңіз. Мұнда жоқ дегенде күн сайын отыз адам келеді. Ойлап қарасақ, олардың табатын табыстары біздің ай сайынғы алатын жалақымыздан да асып түседі. «Байдың асын байғұс қызғанады» демеңіздер. Бәріне де шүкір. Дегенмен, оңай әрі арзан жолмен тапқан табыстың берекесі болмасы анық. Оңай жолмен келген олжа, қолдан оп-оңай ұшып кетері хақ. Сондықтан адал жолмен нәпақа тапқанға не жетсін?
Балгерлер мен құмалақшыларға сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Бірақ, бұл жолдың харам екенін есіңізден шығармаңыз. Оларға сену – Аллаға серік қосқанмен тең болып есептеледі. Қасиетті құранда: «Алла Тағала Өзіне серік қосқандарды кешірмейді, одан басқасын кімді қаласа кешіреді» – делінеді. Имам Әбу Ханифаның «Өсиет» кітабында: «Біз үлкен күнә жасаушыларды анық тозаққа барады деп айтпаймыз, оны Аллаға тапсырамыз» деген сөздер келтірілген.
Сымбат СҰЛТАН