Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Базар өртке оранды

Базар өртке оранды

Бейсенбі күні, сағат 22:12 шамасында  А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Әбдіманап Шорабаев базары» өртке оранды. Әлеуметтік желіде өрт шалған аумақтың бейнетаспалары тез тарап, халық арасында өрттің пайда болуына байланысты бейресми ақпараттар мен түрлі қауесет жайлап кетті.
Бірақ төтенше жағдайлар бөлімі және жауапты мамандар дәлелденген ақпаратқа ғана сенуге шақырады. Олардың берген мәліметіне сүйенсек, базардың аумағында орналасқан көлемі 11х25 метр болатын жеміс-жидек, көкөніс сақтайтын қойманың ішкі бөлігі толық жанған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар бөлімі келіп, барлау жұмысын жүргізген. Нәтижесінде базар ішіндегі шарпыған өртті сағат 23:36-да сөндірген.
Өртті өшіруге өрт сөндіру қызметінен 40 қызметкер және 4 бірлік автокөлік жұмылдырылған. Тілсіз жаудың кесірінен зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірген зардаптары зерттелуде.

Айта кетейік, «Әбдіманап Шорабаев базары» 1996 жылы салынған. Ал 2018 жылы осы базарда жоспардан тыс күндізгі мезгілде өрт-тактикалық жаттығуы өткен.
М.БОЛАТ
28 ақпан 2020 ж. 1 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (8936)

15 қазан 2021 ж.

№81 (8935)

12 қазан 2021 ж.

№80 (8934)

08 қазан 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам