Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақсуда туберкулезге қарсы ауруханадан өрт шықты

Ақсуда туберкулезге қарсы ауруханадан өрт шықты



Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері Ақсу қаласының мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінде өрт болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Медициналық мекеме Ақсу қаласына қарасты Ақсу кентінде 8 Март көшесі, 2 А мекенжайы бойынша орналасқан. Тілсіз жаудың орын алғаны туралы кезекшілік бөліміне хабарлама сағат 15.06-да түсті. Бес қабатты ғимараттың төртінші және бесінші қабаттарында матрас пен екі шаршы метр аумақта линолеум жанған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ», - деді ТЖД-ныі баспасөз қызметі.
Құтқарушылардың көмегімен оқиға орнынан сыртқа 38 адам шығарылған. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Қызыл жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру бөлімінен 16 адам мен төрт техника жұмылдырылып, сағат 15.33-те толығымен сөндірілген.


Baq.kz сайты
29 шілде 2018 ж. 1 068 0