ЖОЛДАУ – жүйелі реформлар негізі
Апта басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық топ Ортақшыл, Талаптан ауылдық округтерінің тұрғындармен жүздесті. Арнайы топ құрамында аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова, «Жұмыспен қамту орталығының» директоры Алмат Алдабергенов, білім бөлімінің қызметкері Марат Ақпанбетов, аудандық емхананың профилактика бөлімінің меңгерушісі Гульмира Сейтқалиқызы бар.
Алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов Жолдауда айтылған «сапалы білім беру» мәселесіне тоқталып, орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы алдағы уақытта оң шешімін табатындығын жеткізді. Себебі, мемлекет басшысы 2025 жылға дейін 1000 жаңа мектеп соғуды міндеттеген болатын. Сондай-ақ, мемлекет басшысы айтып өткен, сұранысқа ие барлық мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім беруді жүз процент тегін ұйымдастыру да айтылды. Енді жаңа Жолдауға сәйкес әскерде борышын өтеп жүрген азаматтардың сол уақыт аралығында тағы бір мамандықты меңгеріп шығуына мүмкіндік тумақ.

Ал, ішкі саясат бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова Жолдаудың «өңірлік саясатты жетілдіру» атты тармақшасына ерекше тоқталуды жөн санады. Себебі, аталған тармақшаға сәйкес, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасына айрықша мән берілмек. Енді барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысын бағалау үшін әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, халықтың бағасы анықталатын болады деді сала басшысы.
«Жұмыспен қамту орталығының» директоры Алмат Алдабергенов болса, Жолдауға сәйкес ең төменгі жалақы деңгейінің 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 60 мың теңгеге дейін көтерілетіндігін жеткізді. «Ең төменгі жалақы мөлшерін көбейту ішкі тұтынуды өсіріп, экономикаға оң әсер етпек. Келесі бір қуанышты жаңалық бюджеттен қаржыланатын өзге сала азаматтарының, яғни мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілер және басқалардың жалақысы 2022-2025 жылдар аралығында жыл сайын 20 пайызға өсетін болады. Демек, 600 мыңнан астам ел азаматтары осы бастаманың игілігін көрмек», – деді.
Ал, аудандық емхананың профилактика бөлімінің меңгерушісі Гульмира Сейтқалиқызы мемелекет басшысының Жолдауда айтып өткен, «денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру» мәселесі турасында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Яғни, аудандағы вакцинация жұмыстарының қарқыны, пандемиядан кейінгі кезеңдегі медицина саласының даму бағыттары секілді маңызды мәселелерге ерекше тоқталып, еліміз өндіретін «QazVac» вакцинасының «Халаль» сертификатын алғандығын, мұның үлкен жетістік екендігін қуана жеткізді.
Жиын барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарды қойып, ұйымдастырушыларға батасын берді. Жалпы түйіндей айтқанда, ауданға қарасты барлық ауыл-аймақтарда өткен түсіндірме жұмыстары барысында бағдарламалық құжаттың басым бағыты жан-жақты насихатталды. Ауыл әкімдерінің істеп жатқан жұмыстарына халық оң бағасын берді.
«Өскен өңір» ақпарат