Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр мақтанышы

Сыр мақтанышы

«Егінші мәрт, жер жомарт». Жердің құйқасын танып, қойнауын ашып, қазынасын ала білген әрдайым дәулетті болмақшы. Бақ та басында, атақта соның төңірегінде. Жалқау өзіне жау. Тек ерінбей еңбек етсең болғаны. Бұл аты аңызға айналған атақты күрішші Ыбырай Жақаевтың өмірлік қағидасы.
«Ол оқымаған, бірақ өмірден көп тоқыған кісі. Еңбектің көзін тауып, байлықтың өзін тапқан қайраткер. Еңбегімен өмірге өрнек салып, еңбегімен поэма жазған адам» – деп ақын, жазушы Асқар Тоқмағамбетов айтқандай, диқан төккен әрбір тамшы тер өзіне, еліне, халқына бақыт пен береке, абырой мен атақ, өнеге, дәстүр, ырыс болды, нан болды, ән болды, тіптен тарихтың өшпес беттері болды деуге әбден сия­­ды. Диқан бабаның тұла бойы тұнып тұрған жақсылық, қасиет. Олай дейтініміз, бір Ы.Жақаевтің өзі еңбек адамының қаншалықты құдіреттілігін, мүмкіншілігінің мол екенін көрсетті. Ыбырай Жақаев – дән патшасы, ақ күріштің атасы, ол өзінің өшпес тарихын кетпенмен, термен жазған, бірнеше ғасырда дүниеге бір-ақ келетін еңбек адамы.
Ыбырай Жақаевтың көзін көргендер оның, қарулы, қайратты кісі болғанын айтады. Парасат пайымы мол диқанның әңгімесін тыңдауға алыстан ат арылтып келетін аға-інілері аз болмады. Мәселен, Мұхаммеджан Қаратаев «Ыбекеңнің есімі Еңбек Ері ретінде бүкіл халқымыздың мақтанына айналды. Ол социалистік мектептің әрі мектебі әрі ұстазы» десе, Әбділда Тәжібаев «Диқан атамсың, сүйенерімсің, сүйерім» деп жырға қосты.
Ыбырай Жақаевтың: «Бәрінің анасы жер. Жерді таңдай біл. Оны баптай біл. Адам сияқты егін де таза суды тілейді. Ескірген судан егінде ауырады. Оған үнемі таза су бер. Жас күріштің сабағы ешкінің түбітіндей нәзік келеді. Оны тек тамырмен суарып аласың. Жер дымқыл болса, тамыры тереңге кетеді. Күріш өмірлі болады. Күріштің жауы – арамшөп. Қаулаған арамшөптен күрішті арашалай білсең, күріш сені байлыққа белшеңнен батырады. Егінді өсіре білу – алғашқы асу ғана. Ысырапсыз жинап алу – мәре. Бұл сыннан да мүдірмей өт. Сонда ғана ерлегенің. Күріш өсіруге әдіс керек. Оған ізденсең ғана жетесің. Ізденуден жалықпа, деп айтқаны еңбек, жер, күріш туралы қанатты сөзге айналды. Қара нардай қайыспайтын еңбеккердің асыл сөздері бүгінде жас ұрпақтың зердесінде.
Ыбырай Жақаев саналы ғұмырында сансыз жетістікке жетті Оның қайталанбас рекордтары еліміздің аграрлық саласының дамуына зор серпін берді. Біртуар тұлғаның есімін мәңгі ел есінде сақтау үшін талай игілікті іс жасалуы тиіс.
«Егіншілік – ежелгі кәсіп, еңбекшіге нәсіп» деп білген диқан атаның өсиеті мен өнегелі еңбегі бүгінгі һәм ертеңгі ұрпақтың жадында мәңгілік жүруі тиіс.

Сүйіндік Нұралиев
08 қазан 2021 ж. 540 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930