Механизатор Мұратхан
Қазақ халқында «Ер еңбегімен озады, Еріншек езілумен тозады» деген мақал бар. Өз өміріне адал еңбекті, қара жұмысты серік еткен талапты жастың бірі – «Байсын» ЖШС комбайншысы Мұратхан Бәкіртаев.
Кейіпкеріміз Мұратхан 1999 жылы Жаңатұрмыс ауылында дүние дидарына келеді. Содан әкесі Бақыттың қасында жүріп, техниканың қыр сырын үйреніп алады. Бізбен әңгіме барысында, жас маман алып техникаға қызығушылығы бұрыннан бар екенін жасырмады. Ол Жаңатұрмыс ауылындағы орта мектепті бітіріп, аудандық «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжіне» оқуға түсіп, «троктарист-машинст» мамандығын алып шығады. Бірден талабы зор Мұратхан «Байсын» шаруа қожалығына 2017 жылы келіп, содан бері механизатор болып еңбек етіп жүр. Бұғанасы қатпай, жатып еңбекке араласқан оның осы шаруашылыққа келгеніне төрт жыл толса да, өзінің шеберлігін көрсетіп, мұндағы басшылардың көзіне түскен.

– Шаруашылық төрағасы А.Есжанов мені жассың деген жоқ. Қайта мұндай өнеріме риза болып, техниканы сеніп тапсырды. Қазір осында қысы-жазы жұмыс істеп келемін. Мына жаңа комбайнды биыл төртінші жыл жүргізудемін. Баяғыдай шығын жоқ. Күріш пен күрмекті екі бөліп тастайды. Жылдамдығы да жоғары. Шопырға жағдай жасалған. Мұнан артық не керек? деді М.Бақытұлы.
Көзін тырнап ашып, еңбекке араласқан Мұратханды өмірдің өзі болаттай балқытып, құрыштай шынықтырып келеді. Ол немістің «DFUTZ FAHR» комбайынын тізгіндейді. Тағы бір ерекше тұсы – Мұратхан тізгіндеген комбайн кідіруді білмейді. Оның сыры – иесінің оны үнемі күтіп-баптап, баладай мәпелей білгенінде жатыр. Ол жұмыс күні біткенде техниканың жай-күйін қадағалап, тетіктерін тексеруді әдетке айналдырған. Содан болар, күтімі келіскен комбайн әрқашан ұятқа қалдырмайтын. Техниканы шебер басқару, күріш дестелерінің қалың, жұқалығына қарай жүріс жылдамдығын өзгертіп отыруы сынды жұмыстарды орындайды. Бүгінде, шаруашылықтағы тіршіліктің қыр-сырына қаныққан білікті маманға айналған. Осындай еселі еңбегін ескерген шаруа қожалық төрағасы А.Есжанов жас комбайыншыға темір тұлпарын сыйға тартты. Адал еңбек, маңдай терінің жемісін көріп жүрген комбайншы бүгінгі жастарға үлгі болары анық
Шапағат Тілеубаев