Комбайншы Жақсылық
Ауылдағы ең қарапайым да мәртебелі мамандықтың бірі – механизатор. Дала төсінде қызу еңбекпен жүретін тракторшылардың еңбегі қай мезгілде болсын ерекше саналады. Олар егін егіп, жер жыртып, экономиканың дамуына, әрі өндірістің өркендеуіне сүбелі үлесін қосып жүрген мәрт азаматтар «байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер» екенін бізден артық білер. Өзінің ұрпағын маңдай тері арқылы адал аспен асырап, саналы тәрбие беріп жүрген жанның бірі – Жақсылық Төлебаев.
Ел арасында еңбекқорлығымен танылған Жақсылық Төлебаев 1968 жылы Шиелі ауданына қарасты Бидайкөл елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі шаруашылықта 45 жыл механизатор болып еңбек етсе, ал анасы колхозда сауыншы болған. Жақсылық аға әкесінің тынымсыз еңбегін көріп қана өскен жоқ, қолғабыс жасап жүріп, біліп те өсті. Еңбектің наны тәтті болатынын сол кезден-ақ түсінген. Кейіпкеріміз «Ынтымақ» ЖШС-де ұзақ жылдар бойы механизатор болып қызмет етеді. Ол алғаш рет мектеп қабырғасында жүріп, техниканың тілін меңгеріп еді. ДТ-75 тен бастап, «Беларусь» тракторында жұмысын жалғастырған. Кейіннен техниканың қыр-сырын үйреніп, бірден механизаторлықты игеріп шығады. 1987-1989 жылдар аралығындағы Отан алдындағы азаматтық борышын өтейді. Әскерден келгеннен бастап механизатор. Өз ісіне асқан жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарайтындықтан ұжымдастарының арасында беделді, ортасында сыйлы. Техниканы ұқыпты ұстайтын жігіт ағасы, темір тұлпары сынып далада қалғанда өзгеге елеңдемей өзі іске қосып, тапсырылған шаруаны тындырып жүреді. Осы еңбегі де барынша бағаланып, сол кезеңдегі барлық мадаққа ие болған. Өмірлерін бірге өрген жұбайы Гүлжауһар Ахметова отағасының жетістіктерін растайтын мақтау грамоталарын мақтанышпен тізбектеп көрсетті.

– Жасымыздан тракторға отырдық. Содан «ДТ-75»-ті, одан соң «MacDon» комбайны мен тракторлардың түр-түрін жүргіздік. Уақыт өте келе қазіргі шетелдік техникаларды да игеріп алдық. Олармен жұмыс істеу қолайлы, көп сынбайды. Мен атақ-даңқ үшін емес, отбасым алдындағы жауапкершілігім үшін адал еңбек етіп келемін. Өзімнен кейінгі шаруашылыққа енді араласқан жастарға үнемі «адал нәрсенің берекесі бар» деп айтып отырамын. Осы еңбегімді ескеріп мерекелерде түрлі алғыс хаттармен марапаттап жатады. Сый ретінде талай жылқы мініп, түрлі кілемді қанжығамызға байладық. Осылай ел үшін жасаған еңбегіміздің ескеріліп жатқанына қуаныштымын – дейді Жақсылық.
Ол түтіні түзу шаңырақтың қамқоршысы, әрі тірегі. Жұбайы Гүлжауһар Ахметовамен отасқанына биыл – 30 жыл. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай 4 баласын әлпештеп, аялап өсірді. Соңдарынан ерген екі атқамінері мен қос кестетігері бар. Бүгінде інжу той иелері абзал ата мен асыл әже атанып, немере-жиендерінің қызығын қызықтап, бақытқа бөленіп отырған отбасылардың бірі десек қателеспейміз.
Шапағат Тілеубаев