Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасымханның қайырымды ісі

Қасымханның қайырымды ісі


Шәкәрім қажы өзінің бір еңбегінде «Адам баласын бақытты ететін арлы ақыл, адал еңбек, ақ жүрек» деп жазады. Ғұламаның осы сөзінде керемет ақиқат бар. Ал, енді таңның атысы, күннің батысы еңбек етіп, қарақан басынан гөрі халқының қамын жеген азаматтар қашанда абыройлы болған. Сондай асыл жандардың бірі – Қасымхан Маханбетов. Иә, «Табиғат тосын мінез танытып, биылғы жазда Аралда қуаңшылық орнағаны мәлім. Қуаңшылық қыспаққа алған тұста өңірдегі барлық шаруашылықтар өз көмектерін берді.
Қуаңшылықтан қиналған құмды өлкеге бүгінгі күнге дейін шиеліден 65 тонна шөп жөнелтілді. Сондай-ақ, алдағы уақытта «Балаби-2004», «Мақсат», «Алтын дән» шаруа қожалықтары аралдықтарға көмек беруді көздеп отыр.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халық. Әрбір жақсылықты Жаратушымыз еселеп қайтаратыны баршамызға мәлім. Осы орайда, екінші орымнан таза жоңышқа шөбінің 730 данасын аралдық ағайындарға үлестірген «Бидайкөл» шаруа қожалығы болатын. Бұл қайырымдылыққа толы жұмыстарды осы ауылдағы шаруашылықтың шөп бригадирі Қасымхан Маханбетов ұйымдастырған болатын.
Ол 1979 жылы Шиелі ауданы, Бидайкөл ауыл­ында дүниеге келген. Әкесі қарапайым малшы болған. Қасымхан әкесінің тынымсыз еңбегін көріп қана өскен жоқ, қолғабыс жасап жүріп, біліп те өсті. Еңбектің наны тәтті болатынын сол кезден-ақ түсінген. Алғашқы еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласында құрылыс бөлімшесінде бастап, Алатаудың бау­райында 10 жылға жуық жұмыс жасап, туған ауылына келеді. Содан егіс даласында еңбекке белсене араласады. 2017 жылы «Бидайкөл» шаруа қожалығында сушы қызметін атқарды. Ұжымда ұйымдастырушылық қабілеті жоғары бағаланып, бүгінгі таңда шөп бригадирі болып еңбек етіп жүр.
Мақаламызға арқау кейіпкеріміздің жұмыс уақыты әрқилы. Таңсәріде үйден шығып, тас қараңғыда қайтқан кездері де аз емес. Іскер бригадирдің ұжымында еңбекқор азаматтар да баршылық. Атап айтар болсақ, механизатор Бақыт Пәрімбеков, шөп тасымалдаушы Мақсат Пәрімбеков, комбайншы Темірбек Мырзалиев сынды азаматтар өз ісінің шебері. Техника тіліне жетік мамандар мұнда жыл он екі ай тұрақты жұмыста. Уақытылы жалақы, малына керекті шөбін, өніміне қарай жылдық сыйақы алады. Көктемде далалық жұмыстарға қызу кірісіп, егін алқабына тұқым себеді. Жер жыртып, оны өңдеп, шөп тасумен айналысады. Күзбен қатар келетін орақ науқанының орны мүлдем бөлек. «Бидайкөл» ШҚ төрағасы Т.Байдалиевтың басшылығымен берекелі істердің басы-қасында жүретін бригадир Қасымханның шөпшілері ауыл халқына 100 дана пресс жоңышқа түсіріп берді. Сондай-ақ, арнайы шөпті жүк көліктеріне басатын 6 бала жұмыс істеуде. Оларға еңбек ақысына 30 теңгеден төленеді.
Әр бейнеттің түбінде зейнеті бар. Бақыт та, еңбек те маңдай термен келетінін жас­тайынан түсінген. Еңбегі – ерек, болмысы – бөлек ағамыз өзіне тән қарапайымдылықтың арқасында ауыл азаматтарының ілтипатына бөленіп жүр.

Шапағат Тілеубаев
07 тамыз 2021 ж. 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930