Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанашырлыққа жан риза

Жанашырлыққа жан риза


Кең далада дарқандықты бойына сіңіріп өскен қазақы асыл қасиеттің бірі – қайырымдылық. Басынан қандай заман өтсе де жетім мен жесірін жылатпай, мұқтажға жәрдемдесіп, жығылғанға сүйеу бола білген ұлтымызды өзгелерден ерекшелейтін де осы қасиеті. Жомарт жандар бір қолының бергенін, бір қолы білмегенін қалайды. Себебі, жақсылықты жарнамасыз жасайды.
Иә, ауданда атымтай жомарт жандар көп. Қайырлы іске қолдан келгенше қарайласа жүреді. Оған Құрбан айт мерекесі кезінде де куә болдық. Кенттегі орталық мешітте «Жылулық сыйла» акциясы өткен болатын. Нарық түрленіп, баға қымбаттаған тұста ақысыз діни тұрақтылықты сақтап жүрген имамдарға аудан халқы азық-түлік апарып, көмек қолын созды. Бұл қайырымды істе ақыреттік сапарға аттанып кеткен бұрынғы имамдардың туған-туысы да шет қалмады.
– Елдегі тұрақтылық, ауызбіршілік, тәртіп пен тәрбие бәрінің өзегі дінмен тікелей байланысты. Қолын жайған пенденің жолдан адаспауы үшін имамдар жұмыс істейді. Дұға-тілегін арнайды. Ал, Ислам дінінің дамуы үшін өз үлестерін қосуға бекінген жандарға алғысымыз шексіз. Алла әрбір қайырлы істерін сауаптан жазсын, – деді бас имам Б.Ұлжаев
Иә, жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс.«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің», «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – әрбір адамның азаматтық парызы.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ
31 шілде 2021 ж. 419 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930