Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр: Отбасы – мемлекеттің тірегі, қоғамның өзегі

Министр: Отбасы – мемлекеттің тірегі, қоғамның өзегі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады.

Баршаңызды бүгінгі керемет мереке – Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасымыздың ұсынысымен басталған бұл мейрам бүгінде қоғам болып ұйысып атап өтетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мерекеге айналды. Отбасы – мемлекеттің тірегі, қоғамның өзегі. Озық қоғамның қалыптасуы – үлгілі отбасылар көп болуына тікелей байланысты, - деп жазды ол facebook - тегі парақшасында.
Биыл 30 жылдық белесін бағындырып отырған Тәуелсіздік жылдары ішінде елімізде отбасы институты жаңа үлгіде жаңарып, өзіндік жолын анықтады деп нық сеніммен айта аламыз. Әр ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтап, дамытуға мүмкіндік беріп отырған біздің көп ұлтты, көпконфессиялы қоғамдағы отбасыларға ортақ бірегей құндылық бар. Ол – бірлік пен татулық, төзімділік пен тұрақтылық. Бұның әсіресе ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы пен орны өте зор. Себебі қоғамдық мәдениеттің тамыры – үлгілі отбасылық тәрбиеден басталады, озық отбасылар қатары – ішкі бірлігі мен берекесі мықты қоғамды құрады. Күні кеше республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттадық. Жыл сайын ұйымдастырылатын аталған байқау тұтас қоғамға үлгі болатын өнегелі отбасылар қатарының мол екенін, елдің болашағының зор екенін көрсетеді. Осындай отбасылар – ертеңгі ел басқаратын зиялы азаматты да тәрбиелейді, бәсекеге қабілетті қоғамды да қалыптастырады. Сондықтан Отбасы мерекесі баршаңызға құтты болсын! Дендеріңізге саулық, баянды бақыт пен берекелі татулық тілеймін! Отбасыларыңыз аман болсын, - деп жазды министр. 
Министр қоғамдық мәдениеттің тамыры – үлгілі отбасылық тәрбиеден басталатынын, озық отбасылар қатары – ішкі бірлігі мен берекесі мықты қоғамды құратынын айтты. ​https://baq.kz​​​
12 қыркүйек 2021 ж. 479 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930