Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамин қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

Мамин қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады


ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ел азаматтарын 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. 

"Қымбатты отандастар, баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке - біздің біртұтастығымыз бен баянды болашағымыздың символы.
Қазақстанда әр түрлі ұлттың өкілдері тұрады, бірақ біз, қазақстандықтар - бір халықпыз. Көпұлтты қоғамдағы ұрпақтар бірлігі мен келісімінің арқасында Қазақстан барлық қиындықтарды еңсеріп, сындарлы тарихының түрлі кезеңдерінде табысты дамыды.
Біздің бүгінгі ортақ мүддеміз - ұлтаралық келісім мен өзара түсіністікті сақтау және нығайту. Осындай дәстүрлі құндылықтар халқымыздың өмір сүру сапасын арттыра отырып, еліміздің тұрақты және серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды алғышартына айналды.
Ортақ шаңырағымыз - Қазақстан Республикасының кемел келешегі біздің ынтымағымызға, жасампаз еңбегімізге, күш-қуатымызға және ең күрделі жалпыұлттық міндеттерді шешудегі табандылығымызға байланысты.
Бірлік күні бізді Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер мен табыстарға бастай берсін! Барлық отандастарымызға, әрбір отбасына зор денсаулық, татулық пен бақ-береке тілеймін!", - делінген құттықтауда. 
01 мамыр 2021 ж. 1 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31