Ардагерлер – асыл қазына
Сіз де, біз де зейнет жасына жеткен соң -кер, -гер жалғаулары жалғанып, зейнеткер-ардагер атанамыз. Былайша, барлығымыз бірдейміз. Әңгіме жөнді қартая білуде. Әдемі, сәнді, мәнді қартаю да – өнер деп жатамыз. Ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, туған жерінің экономикасы мен мәдениетінің өркендеуіне, әл-ауқатының жақсаруы мен дамуына үлес қосқан, үлес қосып дүниеден озған, қазірге дейін үлес қосып жүрген ардагерлеріміз қаншама.
Баршасына Алланың нұры жаусын! Әліміздің келгенінше аудан газеттерінің журналистері, одан қалды штаттан тыс қаламгерлер болып, қазір қартайған, бұрынғы жалындаған соғыс және еңбек ардагерлері туралы мақалалар, естеліктер жазып келеміз. Біреулер жылы сөзін айтып жатса, енді бірі – кекетіп, мұқатып жатқаны. Е, сені – авторды жақтырмайды, не оны – кейіпкерді ұнатпайды. Өмір осынысымен қызық секілді. Автордың жазып отырған кейіпкері – ардагер азамат, ауданға еңбегі сіңген адам. Сондағысы – көреалмаушылық, қызғанушылық, пендешілік болса керек. Бірақ, біз үлгілі, өнегелі, көрнекті ардагерлерімізді ардақтаудан еш жалықпаймыз, соған лайықты болса болды. Еліміздегі карантиндік, пандемиялық жағдайлар, кімді болса да ойландырары хақ. Ойнауға болмайтын қатерлі індет көптеген аға-інілерімізді, апа-қарындастарымызды арамыздан «жұлып» әкетті. Жантүршігерлік оқиғаларға шыдамдылық, төзімділік, шүкіршілік жасап отырған қазалы отбасыларына, шаңырақтың үлкендеріне, әулеттің ата-аналары мен бала-шағаларына салауат айтамыз. Заманның зарына ұшыраған ардагерлеріміздің денсаулықтары, тұрмыс жағдайлары мықты болып, ақсақалдардың көңілін кір шалмасын. Алла тағала жар болып, елімізді жайлаған жаман індет (коронавирус – тәжтажал, пандемия дерті) қарияларымыздың бойынан, отбасыларынан аулақ болсын деп тілеймін.
Баршасына Алланың нұры жаусын! Әліміздің келгенінше аудан газеттерінің журналистері, одан қалды штаттан тыс қаламгерлер болып, қазір қартайған, бұрынғы жалындаған соғыс және еңбек ардагерлері туралы мақалалар, естеліктер жазып келеміз. Біреулер жылы сөзін айтып жатса, енді бірі – кекетіп, мұқатып жатқаны. Е, сені – авторды жақтырмайды, не оны – кейіпкерді ұнатпайды. Өмір осынысымен қызық секілді. Автордың жазып отырған кейіпкері – ардагер азамат, ауданға еңбегі сіңген адам. Сондағысы – көреалмаушылық, қызғанушылық, пендешілік болса керек. Бірақ, біз үлгілі, өнегелі, көрнекті ардагерлерімізді ардақтаудан еш жалықпаймыз, соған лайықты болса болды. Еліміздегі карантиндік, пандемиялық жағдайлар, кімді болса да ойландырары хақ. Ойнауға болмайтын қатерлі індет көптеген аға-інілерімізді, апа-қарындастарымызды арамыздан «жұлып» әкетті. Жантүршігерлік оқиғаларға шыдамдылық, төзімділік, шүкіршілік жасап отырған қазалы отбасыларына, шаңырақтың үлкендеріне, әулеттің ата-аналары мен бала-шағаларына салауат айтамыз. Заманның зарына ұшыраған ардагерлеріміздің денсаулықтары, тұрмыс жағдайлары мықты болып, ақсақалдардың көңілін кір шалмасын. Алла тағала жар болып, елімізді жайлаған жаман індет (коронавирус – тәжтажал, пандемия дерті) қарияларымыздың бойынан, отбасыларынан аулақ болсын деп тілеймін.
Аудан көлемінде осы жылы атап өтілетін Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл, даңқты дала академигі, күрішші дихан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев атамыздың 130 жылдық мерейтойы, тағы басқа атап өтілер мерекелік шаралардың куәсі болып, күліп-ойнап, мың толғанып, жайраң қағып жүре беріңіздер дегім келеді. Карантин де, әлемді жайлаған қауіпті дерттер де кетер. Табиғаттың ғажабы қыстан кейін күлімдеп көктем келеді, жадырап жаз шығады, тамылжып күрең күз жетеді. Сондай-ақ, қазіргі орын алып отырған қиындықтардың барлығы уақытша, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман әлі де алдымызда деп ойлайық, сәл шыдайық, сабырлық, заңдылық сақтайық, жаралы жүрегіміз де жазылар, көйлегіміз көк, тамағымыз тоқ, уайым-қайғымыз жоқ болар күндер алда екендігіне сенейік.
Дана халқымыз «Қарты бардың – қазынасы бар» деген. Ауданымызда 1987 жылы «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі құрылып, оның тұңғыш төрағалығына Әзімхан Исмаилов сайланған. Бұл қоғамдық жұмысты ол 12 жыл ың-шыңсыз атқарып, одан кейін Жолдасбек Ердешбаев, Сейдомар Ермекбаев, Серғара Ізтілеуов, Елтай Әбішев, Сұлтанбек Оразымбетов, Амангелді Әбдірахмановтар абыроймен алға апарып, аудан ардагерлеріне аянбай еңбек етті. Ардагерлердің басты қаруы – «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысы мен ардагерлердің барлық құқықтарын қамтыған 6 мамыр 2020 жылы қабылданған №322-ші «Ардагерлер туралы» Заң. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкімет басшысы, облыс, аудан әкімдері соғыс және еңбек ардагерлеріне үлкен қамқорлық жасап келеді.
Ардагерлер ұйымының мақсаты – шапқылау емес, ардагерлердің қалыпты әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын, олардың құқықтары мен еркіндігін, қоғамымыздың қоғамдық өміріне араласуын қамтамасыз ету. Оларға мәдени және медициналық қызмет көрсету. Соғыс және еңбек ардагерлеріне ұдайы қамқорлық жасау. Олармен жиі кездесіп, мұң-мұқтаждарын тыңдау. Жастарға патриоттық сезімді ұялатып, жас ұрпақтың жан-жақты үйлесімді дамуына жауапкершілікті тәрбиелеу болып табылады. Біз аға буын өкілдерінің өзі алдымыздағы аға-әкелеріміздің Отанды сүю, туған жерді қастерлеу, үлкенге құрмет білдіру, елге қызмет етудің жарқын үлгісін көріп өстік. Олар елін жаудан қорғап, тұралаған халық шаруашылығын қалпына келтірді, қиын-қыстау заманда қажыр-қайраттарын ештеңеден аяған жоқ. Бүгінгі ардагер ағаларымыз Тәуелсіз Қазақстанның құтты іргесін қалаушылар десек, артық айтпағанымыз болар. Сондықтан ардагерлер жүз жасқа келсе де, ортамызда болуға тиіс. Бар қамқорлығымыз да, құрметіміз де, ілтипатымыз да, марапатымыз да, ардағымыз да сол кісілерге арналып жатырса, несі айып? Адам бір сәт өзін қай кезде бақытты санайды? Әрине, кішілер өзіне құрмет көрсеткенде ғана. Қызмет деген мәңгілік емес. Ардагерлердің құқығы шектелмеуі керек. Біздің мәңгілігіміз – қазақ елі, жұртымыз, туған жеріміз, ардагерлеріміз, үлкендеріміз, достығымыз, сыйластығымыз, бірлігіміз бен ынтымағымыз.
Аудан ардагерлерінің де, аудан басшыларының да басты міндеті, парызы, борышы – ол елдің, халықтың ауызбіршілігін, тыныштығын қамтамасыз ету, тәңірден елдің іргесінің бүтін, төңірегінің түгелдігін, ауыл ішінде дау, сыртында жау болмауын тілеу, әйелдер мен келіндердің әбес тірліктеріне жол бермеу, жасөспірімдердің ауыл-ауыл болып төбелесіп, қоғамдық тәртіп бұзуына тыйым салып отыру, медиация, қауымдастық кеңестер арқылы ел шырқын бұзушыларға, халықтың малын ұрлап кетіп жатқан қарақшы ұрыларға ауыл, кент ардагерлер кеңесі тарапынан шаралар көріп, кент, ауыл әкімдерімен, учаскелік полиция инспекторларымен қоян-қолтық жұмыс істеу. Ауыл жастарын еңбекке баулу, жұмыссыздыққа итермелеу, мынандай қиын заманда той-томалақты, ойын-сауықты азайтып, аудан халқының денсаулығын, амандығын сақтау міндеттері де күн тәртібінен түскен жоқ. Ардагерлер ауданда атқарылып жатқан барлық мақсатты, ауқымды, ізгілікті игілікті қыруар жұмыстардың басында, қасында, ортасында болуы керек, олар ауыл, кент әкімдеріне, аудан басшыларына қолдау көрсетіп, билік пен халықтың арасына сызат түсірмей, бірліктің жарасымды тірліктің ұйтқы ұйымдастырушысы болғандары жөн. Осындай уақыт талабына сай ардагерлік парызын өтеп жүрген ардагерлеріміз де жетерлік. Мысалға, Алмалы ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбек Мұхтаров, (ауылдық округ әкімі Әбілқасым Мәмбетов), Ақмая ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжетай Палмағанбетов, (ауылдық округ әкімі Бағлан Сағындықов), Байсын ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ергешбай Бекпенбетов, (ауылдық округ әкімі Балдаурен Шәкіртаев), Бала би ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтмағанбет Жұманазар, (ауылдық округ әкімі Амангелді Шералыұлы), Қарғалы ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Алпысбай Тәшімбетов, (ауылдық округ әкімі Қайрат Парманқұлов), Шиелі кентінің бастауыш ардагерлер ұйымы, төрағасы Болат Күлімбетов, (кент әкімі Ғабит Аманжолов), Бидайкөл ауылының бастауыш ардагерлер ұйымы, төрағасы Әділхан Бектегенов, (ауылдық округ әкімі Жомарт Ақбергенов), Ортақшыл ауылының бастауыш ардагерлер ұйымы, төрағасы Әбіласан Жүсіпов, (ауылдық округ әкімі Жақсылық Ноғайбаев), Тартоғай ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Басаман Пірімбетов, (ауылдық округ әкімі Досмат Сүйіндік), Шиелі индустриалды- агралық коледжінің бастауыш ардагерлер ұйымы, төрағасы Құлашбек Болатов,(басшысы Мейрамхан Дүйсенов) т.б ардагер төрағалар мен ұйымдар ардагерлермен жұмысын жандандырып жүрген, тегеурінді серпіліс танытып отырған жандар қатарында. Ағаларымыздың мол тәжірибесін ала отырып, ардагерлердің белсенділігін арттыру, қоғамға, жастар тәрбиесіне, келешек ұрпақтың ұлтжанды, өз елінің патриоты болып ержетулеріне ықпал жасау, оларды кәсіпке үйрету, бетімен жүрулеріне тосқауыл жасап отырғанымыз абзал. Елімізде саяси тұрақталықты сақтап отырып, мемлекеттік – ана тіліміздің мәртебесін көтеру, кент орталығындағы көше комитеттері төрағаларының бар ынтасын көше тазалығына, көгалдандыруға жұмылдыру да ардагерлер атына айтылар сындардың қатарында. Қоғамдық жұмыстарын жоғары жауапкершілікпен, жанашырлықпен, жаңашылдықпен, адалдықпен, тиісті талап пен тәртіп дәрежесінде өте ұқыпты, байыпты, байсалды атқарып жүрген ардагерлерімізге айтар алғысымыз көлкөсір.
Қазақ халқында «жаман сөз күйіндірер, жақсы сөз сүйіндірер» деген сөз бар. Бір-бірімізді құрметтеп, сыйлап тәуір сөз айтуға ұмтылайық. Ақсақалдар, ардагерлер елімізді небір аласапыран, аумалы-төкпелі замандардан алып шықты. Олардың алдында бүгінгі ұрпақ қарыздармыз. Біз үлкендерін пір санап, тыңдап, сеніп, көніп, қадірлеп солардың төңірегінде өсіп-өнген халықпыз. Сондықтан, біздер, ардагерлер өзіміздің сөзімізбен, ісімізбен, жүріс-тұрсымызбен, тәлім-тәрбиемізбен, өнегемізбен болашаққа үлгі болуға тиіспіз.
Өркен Исмаил,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы