Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жаңа жеке мектеп ашылды

Қызылордада жаңа жеке мектеп ашылды

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Қызылорда қаласында «Ұлағат білім ордасы» жеке мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аймақ басшысы ұстаздар мен оқушыларды құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
«Ең алдымен баршаңызды келе жатқан 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Пандемия салдарынан мектеп оқушылары өткен жылы қашықтан білім алуға мәжбүр болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жаңа оқу жылында оқушылар дәстүрлі форматта білім алатын болады. Балаларымыздың оқу үлгерімі мен білім сапасы үшін бұл оңтайлы шешім болды деп санаймыз. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, оқушылар мен мұғалімдерді қорғаудың барлық кешенді шараларын қабылдадық. Өйткені, біз үшін әрбір баланың денсаулығы қашанда маңызды», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
450 орындық білім ұясында 21 оқу кабинеті, денешынықтыру, акт залдары кітапхана бар. Оқушыларға 33 педагог сабақ береді.
Салтанатты шарада мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асқан «Ұлағат білім ордасының» құрылтайшысы Қалқазбек Әжібеков пен мектеп директоры Досбол Аймухамбетов құттықтау лебіздерін жеткізді. Бүгінгі күні аймақта 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуді 100 пайыз орындалған. Өңірде мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытудың үлесі басым. Облыста балабақшалардың 70 пайыздан астамы мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жұмыс жасайды. Аймақтағы демографиялық өсім мен халықтың көшіп-қону белсенділігінің жоғары болуына байланысты, 1-сыныпқа қабылданатын оқушылардың өсімі байқалады. Биыл 18 мың бала мектеп табалдырығын аттайды.
Еске сала кетейік, биыл 6 жаңа мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жаңа оқу жылында Президент тапсырмасымен іске асқан 300 орындық Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі мектеп пен инвесторлар есебінен жүргізілген 2 жеке мектеп құрылысы пайдалануға берілсе, қалған 3 мектеп жыл соңына дейін табысталатын болады. Мұнан бөлек, бірнеше жылдан бері жөндеуді қажет еткен Жалағаш ауданындағы 2 білім беру нысаны жаңарып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

https://kyzylorda-news.kz​​​


31 тамыз 2021 ж. 416 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930