Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел тыныштығын күзеткен сарбаз

Ел тыныштығын күзеткен сарбаз


18 тамыз – шекарашылар күні. Кеңес кезінде 29 мамыр күні тойланатын мереке 2012 жылдан бастап 18-інші тамызға ауысқан. Отанды қорғап, күні-түні көз ілмейтін шекара қызметінің қиындықтарын кез келген жанның біле бермесі анық.
Темірдей әскери тәртіпке нағыз ер азамат қана шыдай алады. Онда «істей алмаймын», «қаламаймын» деген сөздің өзі жоқ. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, шекарашыларға түскен әрбір бұйрық талқыланбайды, мүлтіксіз орындалады. Мұнымен бірге шекара қызметі жылдамдықты талап етеді, себебі олар үшін әрбір сәт санаулы. Сондай-ақ, бұл қызметте алыстағы ата-ананы сағыну мен зерігуге де уақыт болмайды. Қару-жарақ, нұсқама, бұйрық және қайта жасаққа бару, тексеру мен өте мұқият болу шекарашылардың күнделікті ісі. Шекараға жау шапты демесе де жауынгерлер жатпай, күні-түні ел бекінісін қызғыштай қорғайды.
Ерсұлтан Нұрғалиев бала күнінен-ақ, шекара қызметінде жұмыс істеуді армандайды. Бала арман бүгінгі күні мақсаттан шындыққа айналған.
– Күннің батуы шекарада жұмыс күнінің бітуін білдірмейді. Керісінше, шекараны қырағы көзбен сақтау жүйесі күшейе түседі. Кез келген уақытта дабыл қағылуы мүмкін. Сондықтан бес аспаптың сай болуы біздер үшін маңызды, – деді сарбаз Е.Қалмұратұлы.
Елді қорғау қызметі мемлекетіміздің қауіпсіздік саласында қатерлі де қауіпті қызмет болып табылады. Өйткені, жау жоқ деме, жар астында. Шекарадан қауіп көп. Отан­ды қорғау мәртебесі әрбір жауынгерге бұйырмаған. Бұл міндетті атқаруға көзінің оты бөлек ерекше азаматтардың тартылуы сондықтан.

Ақбота Баянбай
20 тамыз 2021 ж. 424 0