Қырағылыққа шақырады
Туған мемлекетіне өмірі мен қызметін арнау – әрбір ердің Отан алдындағы азаматтық борышы. Мемлекет шекарасын қорғау және күзету – осы қызметтің құрамдас бөлігі. Сонымен қатар ұлттық тұрғыда шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны қорғау ісінде жергілікті тұрғындардың көмегі орасан. Жалпы, шекарашылар мен тұрғылықты халықты ертеден өзара түсіністік пен сенімділік, достық байланыстырады.
Әскери киім киген барлық сарбаздар кез келген уақытта қиындыққа тап болған тұрғынға көмекке келеді. Өйткені шекара шебінде ел жастарының қауіпсіздігі үшін барлық күшіңді сарп етудің маңызды екенін сезінесің. Мейлі сен әскери адам немесе шекарашы, тіпті қарапайым тұрғын болсаң да сенің қырағылығың мемлекетке үлкен пайдасын тигізеді.
Шекарашыларға көмек беру үшін шекара маңындағы елді мекендерге ерікті жасақтар жұмыла жұмыс істейтіні көпке мәлім. Ерікті жасақтар шекара қызметкерлеріне әрқашан белсенді түрде көмек көрсетеді. Олар қылмыстық ұйымдардың немесе жекелеген адамдардың құқық бұзып, қылмыстық іс-әрекеттерін болдырмауға атсалысады. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Оның ішінде мемлекеттік шекара режимін бұзбау, оның нормалары мен ережелерін сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Яғни олар дербес шолғыншы және бақылаушы ретінде қызмет атқаруға таратылады.
КК мүшелері ақпараты бойынша 2018 жылы 38 шекаралық құқық бұзушы ұсталған. Осы секілді Қызылорда облысының шекара мамандары елді мекен тұрғындарымен мемлекеттік шекараны қорғау ісінде қолдан келгенше көмек көрсете алады. Егер сізге шекара қызметінде құқық бұзушылыққа байланысты немесе қылмыстық жағдайлар туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, ол туралы дереу «Шиелі» шекара комендатурасына хабар беруге болады. (8702 863 11 77)
М.Нұрсипатов,
капитан.