Шекара күзету – ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын «Оңтүстік» өңір аумағында бұзу фактілері күні бүгінге дейін тоқталмай келеді. Шекара шебінен өтуге болмайтын жерлер арқылы контрабандалық жүк тасымалдау, тәуелсіз мемлекетімізге экономикалық зиян келтіруде. Қазақстан Республикасының құрлықта, теңізде, өзендер мен өзге де су жолдарындағы мемлекеттік шекараны күзету ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне жүктелетінін естеріңізге саламыз.Теміржол, автокөлік, теңіз, өзен, әуе жолы және өзге де жерлер арқылы өтетін шекара шептері Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген өткізу пункттері арқылы айқындалады.
Мемлекеттік шекара бойында орналасқан аудандардың тұрғындары өз қажеттеріне қарай көршілес орналасқан туыстарымен араласу үшін шекараны бұзып жатады. Шекарадан өту арнайы рұқсат беретін бақылау пункттері арқылы іске асырылады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзетуді «ҚР Конституциясы», «ҚР мемлекеттік шекара туралы», «ҚР шекара қызметі туралы» Заң актілерімен ҚР өзге де құқықтық және нормативтік құжаттарына сүйене отырып іске асырады.
Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзетуде әрдайым жергілікті тұрғындардың белсенді қолдауына сүйеніп келді және сүйене береді. Тұрғындардың шекара күзетіне қатыстырылуы түрлі жолдармен іске асырылады, ең бастысы жергілікті тұрғындардың мейлінше саналы бөлігін таңдай білу қажет. Бұл топты дұрыс пайдалана білудің шекара шебін күзетуде алар орыны орасан зор, себебі байырғы тұрғындар шекараны күзетуді барынша күшейтеді, олардың көмегімен шекаралық құрылымдар ерікті халық жасақтары, жергілікті құзырлы органдар мен мекемелердің, ұжымдардың басшыларымен байланыста болу және азаматтардан түскен шағымдарды қабылдау сияқты шараларды іске асырады.
Мемлекеттік шекараны қорғау мен күзетуге жергілікті тұрғындарды барынша жұмылдыру арқылы баршаның ықыласын осы іске аударып, саяси қырағылығын арттыруға ұжымның, қоғамдық органдардың, баршаның, сондай-ақ, мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауда айтарлықтай зиян келтіретін жекелеген адамдарға қарсы бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру.
Бұған қоса, жергілікті тұрғындардың көмегі ҚР мемлекеттік шекарасын қорғау ісінде ҚР ҰҚК шекара қызметінің мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтеді және оған деген сенімді еселей арттырады.
Шекара бойында орналасқан елді мекендер мен олардың тұрғындарының қырағылығын арттыруға септігін тигізеді. Бұл туралы «ҚР ҰҚК шекара қызметі туралы» Заңының 7-бабында былай деп анық көрсетілген: «ҚР шекарасын бұзғандарды айқындап, тұтқындауға міндетті. «Айқындау, тұтқындау» сөздерінен-ақ Қызылорда облысының алыстағы шекара шептерін қорғаудағы шекаралық аудандар тұрғындарының зор рөлі айқын көрініп тұр.
Шекара бөлімшелерінің сақшылары Отанымыздың қасиетті шекара шептерін қорғау бұйрығына сай еңбек етеді. ҚР мемлекеттік шекарасы қол сұғуға болмайтын, біртұтас болып есептеледі. Мемлекеттік шекарадан өтуге рұқсат беретін орындардың ережелері мен шекара тәртібін бұзғандар мен бұзуға әрекет еткендер, сол сияқты мемлекеттік шекарадан рұқсатсыз жүктер, материалдар, құжаттар мен т.б. заттарды заңсыз тасымалдаған тұлғалар ҚР Мемлекеттік шекара туралы заңдарымен қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылады. Әскери бөлім басшылары Қазақстан
Республикасы шекарасын сенімді күзетуде жергілікті тұрғындардың жоғарғы патриоттық сезімдеріне зор сенім білдіреді.
Диас ЖАНАТҰЛЫ,
2019 әскери бөлімінің офицері.