«HALYK» БАНКІНДЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК
«Домбырамды қайда барсам тастамаймын» деп өткен ғасырда Кенен атамыз жырласа, бүгінгілер смартфонды қайда жүрсек те тастамаймыз дейді. Себебі, қазір онсыз ешқайда шыға алмайсыз. Дүкенге барсаңыз да, дәмханаға кірсеңіз де, дәріханадан дәрі сатып алам десеңіз де «Ashyq» қосымшасы арқылы кіресіз. Бар болғаны ұялыңыздағы қосымшалардың біріне кіріп QR код арқылы барған жеріңіздің QR кодына жақындатсаңыз жеткілікті. Әлгі қосымша сізде вирус болып, болмағандығын әп-сәтте анықтап береді. Егер сізде жасыл және көк түс жанса, онда алаңдамауға әбден болады. Демек, кез- келген жерге емін-еркін бара аласыз. Егер сізде сары немесе қызыл түс жанып, «Covid 19»-бен ауырғаныңыз анықталса, Онда хәліңіз мүшкіл. Себебі, IT мамандары ойлап тапқан әлемдік пандемияға байланысты «ашық» қосымшасы қазір кез-келген жерде өз жұмысын жасап тұр.
Бүгінгі таңда бұл қосымша еліміздегі барлық өңірде бар. Мамандар халыққа барынша жағдай жасауда. Бұл бастапқыда «kaspi gold» қосымшасымен жүзеге асырылса, енді « Halyk» банк арқылы да қолжетімді. Ол үшін смартфоныңызға осы бағдарламаны жүктеп аласыз. Содан-соң «Ashyq» жүйесіне кіріп, толық ақпаратпен танысасыз. Одан кейін белгіленген жүйедегі мәліметтерді толтырасыз. Бар болғаны осы. Енді сізге басқа қосымшалар тиімсіз болса, «Halyk» банк ұсынған жүйе қолжетімді болмақ.
«Ashyq» мобилді қосымшасы QR-кодты қолдану және Денсаулық сақтау министрлігінің базасымен интеграция арқылы келушінің статусын (вирус жұқтырған, жұқтырмаған) анықтауға мүмкіндік береді. «Коронавирустық инфекцияның пандемиясы басталғаннан бері бүкіл әлемдегі, оның ішінде біздің елдегі бизнес айтарлықтай шектеулермен жұмыс істеуге мәжбүр болды, бұл кәсіпкерлік қызметтің кірісіне айтарлықтай зиян келтірді. Сондықтан, пандемея тоқтағанша «Ashyq» қосымшасы өз жұмысын жалғастыра береді.
Сымбат Серікқызы