Өзіңді дамытуға арналған 10 қосымша
Қандай жағдай болмасын, ұялы телефон жанымыздан табылады. Әлеуметтік желілерге жұмсайтын уақыттың аз ғана бөлігін төменде көрсетілген қосымшаларға арнасаңыз, ойлау көкжиегіңіз кеңейіп, тың нәрселерді еш қиындықсыз үйрене бастайсыз. Бүгін Google Pay, App Store мобильді интернет дүкенінен тегін жүктеуге болатын әрі пайдалы қосымшалардың топтамасын ұсынамыз: 1. TED Белгілі конференцияның мобильді нұсқасы – ізденімпаз жандар үшін таптырмас көмекші. TED қосымшасында әр түрлі тақырыпта 2000-нан астам дәріс жиналған. Барлық видеоға аудармамен жүгіртпе жолдар бар. Оларды офлайн түрде қарау үшін жүктеп алуға болады, плейлист құрастырып, қосымша парақшада сақтауға болады. 2. Khan Academy Онлайн білім беру орталығы Khan Academy қосымшасының көмегімен кез келген нәрсені меңгеруге болады. Қосымшадан 10000-нан астам видео-дәріс, интерактивті жаттығулар мен ғылыми мақалалар табуға болады. Оқу жүйесі кез келген деңгейге арналған. 3.Curiosity Теги: p » span Танымдық қосымшадан қызықты оқиғалармен танысып, арнайы жаттығулар жасауға болады. Одан бөлек, статистика, ыңғайлы іздеу жүйесі мен күнделікті ақпараттар дайджестін кездестіре аласыз. 4. DailyArt Егер өнер туындылары жайында бар ақпаратты меңгеріп, сауаттылығыңызды арттыру ойыңызда жүрсе, бірақ, неден бастарыңызды білмеген болсаңыз біз сізге DailyArt қосымшасын ұсынамыз. Бұл қосмша арқылы сіз әлем бойынша 500-ден астам мұражайдың қорымен танысуға мүмкіндік аласыз. Классикалық, заманауи өнер туындысымен және олардың авторларымен танысатын боласыз. 5. Blinkist Blinkist қосымшасы нон-фикшн кітаптардың қысқаша нұсқасын береді. Осылайша бір күнде бір кітапты оқуға мүмкіндік аласыз. Қосымша кітапханасында 2500-ден астам бестселлер бар: нон-фикшннен бөлек, бизнес, психология бағытын да табуға болады. 6. Duolingo Ойын ойнау арқылы шет тілдерін үйренуге арналған белгілі қосымша арқылы сөздік қорыңызды көбейтіп, тыңдау, сөйлеу дағдылары жетілдіруге болады. 7. Memrise Тіл үйренуге арналған қосымшалардың бірі – Memrise. Ағылшын тілінен бөлек, қосымша 10 тіл бар. Бұл қосымша тәжірибе жүзінде сөйлеу дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді. 8. Urban Dictionary Ағылшын сленгтерінің сөздігі арқылы, түсініксіз сөздер мен тіркестердің аудармасын білуге болады. Күнделікті Urban Dictionary "күннің жаңа сөзін" көрсету арқылы бейресми ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік береді. 9. Yousician Музыканы уақытында үйренбедім, арнайы курстарға бармадым деп өкінесіз бе? Онда мына қосымша арқылы гитара, укулеле мен фортепианоны үйрене аласыз. Yousician аспаптың баптауын келтіруге үйретеді. Сабақтар қарапайымнан қиынына қарай өтеді. Нәтижесінде аспапта ойнауды үйренесіз. 10. Enki IT сабақтарын меңгеру үшін курстарға баруға не жағдай, не уақыт болмаса, ұялы телефондағы Enki қосымшасы арқылы бағдарламалау тілінің бастапқы деңгейін меңгеруге мүмкіндік аласыз. Қосымша арқылы Python, HTML, jаvascript және өзге тілдерді де үйренуге болады. Күн сайын сабақтар мен жаттығулар сіздің дағдыңызды жетілдіретіні анық.
Massaget.kz
Massaget.kz